
ТАРИХ
2004 жыл – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің «Информатика» кафедрасынан «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасы бөлініп шықты.
2006 жыл – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасы «Есептеу техникасы» және «Ақпараттық жүйелер» кафедраларына бөлінді.
2011 жыл – «Есептеу техникасы» кафедрасы «Есептеу техникасы» және «Теориялық информатика» кафедраларына бөлінді.
2020 жыл – «Есептеу техникасы» кафедрасының атауы «Компьютерлік және программалық инженерия» болып өзгертілді.
Кафедра меңгерушілері:
2004-2006 жж. – Шәріпбаев Алтынбек Әмірұлы , техника ғылымдарының докторы, профессор.
2006-2008 жж. – Сағындықов Кәкім Молдабекұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент.
2008-2011 жж. – Шәріпбаев Алтынбек Әмірұлы , техника ғылымдарының докторы, профессор.
2011-2015 жж. – Ысқақов Қазизат Тақуадинұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
2015-2019 жж. – Ташатов Нұрлан Наркенұлы , физика-математика ғылымдарының кандидаты.
2019 жж. – қазіргі уақытқа дейін уақыты – Дүйсекеев Қанағат Әбетұлы, техника ғылымдарының кандидаты, PhD .
КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРАМЫ
2025-2026 оқу жылына кафедрада 32 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 27 штаттық оқытушы, 2 штаттан тыс оқытушы және 3 оқу-қолдаушы персонал.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 2 профессор, 11 доцент, 11 аға оқытушы және 3 оқытушыдан тұрады.
Профессорлар құрамының ғылыми дәрежесі – 72%; 2 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты, 11 философия докторы (PhD), 7 магистр, 1 маман.
ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАР
Кафедрада ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын және т.б. жобалар бойынша ғылыми зерттеулер жүзеге асырылады. Ғылыми жобалардың жетекшілері: Искаков К.Т., Атанов С.К., Жумадиллаева А.К., Жартыбаева М.Г.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
«Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасы түлек шығарушы кафедра болып табылады және келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім берудің үш деңгейінде оқытуды жүзеге асырады:
– бакалавриат (оқу мерзімі 4 жыл)
6В06104 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».
– магистратура (оқу мерзімі 2 жыл)
7M06104 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
7M06121 – «IoT-жүйелер инженериясы».
– докторантура (оқу мерзімі 3 жыл)
8D06104 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету».
Білім алушылар саны
2025-2026 оқу жылына кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың жалпы саны 542 адамды құрайды, оның ішінде:
– бакалавриатта
1 курс – 32 қазақ, 12 орыс, 9 көптіліндіге (ағылшын) топтарда
2 курс – 63 қазақ, 35 орыс, 10 көптіліндіге (ағылшын) топтарда
3 курс – 99 қазақ, 71 орыс, 14 көптіліндіге (ағылшын) топтарда
4 курс – 107 қазақ, 41 орыс тіліндегі топтарда
– магистратурада
1 курс – 6 қазақ, 8 орыс тіліндегі топтарда
2 курс – 6 қазақ, 9 орыс тіліндегі топтарда
– докторантурада
1 курс – 5 білім алушы
2 курс – 7 білім алушы
3 курс – 5 білім алушы
– MBA бағдарламасында
1 курс – 0 білім алушы
2 курс – 3 білім алушы
Оқуды қолдаушы персонал
Тьютор – Берекетова Айнур Мейлисқызы
Іс жүргізуші – Берекетова Әсем Мейлисқызы
Инженер – Красноштанов Юрий Михайлович
Байланыс ақпараты
Мекен-жай: 010005, Астана қ., Пушкин көш-сі, 11, каб. 205
Телефон: +7(7172)70-95-00 ішкі (34-209)
Пошта: kafedra_vt@enu.kz
Instagram: @kafedra_kipi
Кафедра өмірі туралы соңғы ақпаратты Instagram парақшасынан оқыңыз
Буклет «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
