
Профессорлық-оқытушылық құрам
2024-2025 оқу жылына «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы келесілерден тұрады:
– ғылым докторы – 2;
– ғылым кандидаты – 8;
– философия докторы (PhD) – 11;
– магистр – 7;
– маман - 1.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми дәрежесі жыл сайын артып, 2025-2026 оқу жылында 72% құрайды. Оқытушылардың орташа жасы – 47 жас.
Кафедраның барлық оқытушылары оқытылатын пәндер мен оқыту әдістемесі бойынша жүйелі түрде біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Оқытушылар оқу қызметімен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Мәселен, 2022 жылы Scopus және Web of Science деректер қорында индекстелген халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны 16 болды. Кафедраның 5 оқытушысы ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқарды немесе басқарады.
Марапаттар мен сыйлықтардың иегерлері
Ысқақов Қазизат Тақуадинұлы – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі иегері, 2017 ж.; «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2007», «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2010», «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2022».
Атанов Сабыржан Көбейсінұлы – «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2008» атағының иегері; «Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс» бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі; «Еуразиялық тау-кен ғылымдары академиясы» ЗТҚ президиумының мүшесі.
Жұмадиллаева Айнұр Қанәділқызы – «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі иегері, 2022 ж.; «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019»; «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, 2021 ж.
Мирғалиқызы Толқын – Қазақстан Республикасының жас және дарынды ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері, 2018 ж.
Жартыбаева Мақпал Ғалымбекқызы – Қазақстан Республикасының жас және дарынды ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясының иегері, 2018 ж.
Маман-практиктер
Нақты өндірістік есептерді шешуге негізделген тәжірибеге бағытталған оқытуды жүзеге асыру мақсатында оқу үдерісіне программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және жүйелік ұйымдастырудағы тәжірибесі бар IT-компаниялардың мамандары тартылды.
Тәңірбергенова Камила Ислямқызы – «ҰАТ» АҚ Жүйелерді қолдау және дамыту департаментінің жетекші талдаушысы.
Бешеев Даулет Маратұлы – «e-Knot» ЖШС Жобалау және әзірлеу бөлімінің басшысы.
Талғар Баян –программалық қамтамасыз ету әзірлеуші, Nazarbayev University.
Сағымбаев Бахтияр Болатұлы – «Қазмедиа орталығы» КЕ ЖШС IT-әкімшілендіру және технологиялық кешенді қолдау бөлімінің жетекші жүйелік әкімшісі.
Шақырылған ғалымдар
2021-2022 оқу жылы
Недзведь Александр Михайлович – техника ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік университетінің Қолданбалы математика және информатика факультетінің деканы, Минск, Беларусь. Күзгі семестрде магистранттарға «Интеллектуалды жүйелердің алгоритмдік негіздері» пәні бойынша сабақтар, «Төбе түбінің тамырларын талдауды автоматтандыру» ғылыми-әдістемелік семинар, «Машиналық оқытуға мәліметтерді дайындау» ғылыми-әдістемелік семинар және басқа жұмыс түрлерін өткізді.
Лобанчикова Надежда Николаевна – техника ғылымдарының кандидаты, «Житомир политехникасы» мемлекеттік университетінің Ақпараттық және компьютерлік технологиялар факультетінің деканы, Житомир қ., Украина. Күзгі семестрде магистранттарға «Орталықтандырылмаған қосымшаларды әзірлеу», «Бұлтты технологиялар» пәндері бойынша сабақтар, «Блокчейн технологиялары және оларды сайлау процесінде пайдалану перспективалары» ғылыми-әдістемелік семинар, магистранттарға консультациялар және басқа да жұмыстың түрлерін өткізді.
2022-2023 оқу жылы
Dr. Marzanah A. Jabar – PhD, Малайзия Путра университеті Компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры, Куала-Лумпур, Малайзия. Бағдарлама бойынша магистранттарға «Бұлтты технологиялар» пәні бойынша сабақтар, ғылыми-әдістемелік семинарлар және басқа да жұмыс түрлерін өткізу.
Профессорлық-оқытушылық құрам:
Профессорлар
Доценттер
- Байдельдинов Марат Урасканович
- Глазырина Наталья Сергеевна
- Демидчик Наталья Николаевна
- Дүйсекеев Қанағат Әбетұлы
- Есенгалиева Жанна Сержановна
- Жартыбаева Макпал Галымбековна
- Жумадиллаева Айнур Канадиловна
- Мирғалиқызы Толқын
- Садвакасова Куралай Жанжигитовна
- Ұзаққызы Нұргүл
- Фураева Ирина Ивановна
Аға оқытушылар
- Баенова Гульмира Мусаевна
- Боранбаев Самат Акшабаевич
- Досумбеков Ерлан Кадырович
- Керімхан Бекжан Темірханұлы
- Кусаинова Айнур Толеубековна
- Сайтова Роза Болатовна
- Сейітбатталов Жексен Ермекұлы
- Сеньковская Анастасия Александровна
- Турарова Маржан Кабдыкалиевна
- Тургинбаева Алуа Смагуловна
- Сыздыкова Айерке Мерекеновна
Оқытушылар
Маман-практиктер
Ішкі штаттан тыс оқытушылар
