|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
БАКАЛАВРИАТ
6В06104 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Оқу мерзімі: 4 жыл
Мақсаты: Программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу, әртүрлі деңгейдегі есептеуіш жүйелердің IT-инфрақұрылымын басқару және пайдалану бойынша білімі мен дағдыларын меңгерген бәсекеге қабілетті кәсіби түлектерді даярлау.
Берілетін дәреже: 6B06104 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бакалавр.
Маманның лауазымдарының тізімі:
|
• Программалық жасақтаманы әзірлеуші |
• Компьютерлік ойындарды әзірлеуші |
Кәсіби қызмет функциялары және түрлері:
Программалық инженерия бойынша кәсіби қызметте:
- программалық қамтамасыз етуді әзірлеу, өзгерту, басқару;
- құрылым мен мазмұнды жобалау және/немесе компьютерлік кодты жазу;
- жүйелік программалық қамтамасыз етуді, қолданбалы программалық қамтамасыз етуді, деректер қорын, мобильді қосымшаларды және қызметтерді құру және қызмет көрсету;
- әртүрлі жүктеме режимдеріндегі өнімділікті программалық қамтамасыз етуді тестілеу;
- объектінің программалық осал тұстарын анықтау.
Сандық технологиялар және компьютерлік жүйелер бойынша кәсіби қызметіне:
- программалық құралдар орталарын және цифрлық сигналдарды өңдеу жүйелерін, роботты кешендер, смарт жүйелерді құру құралдарын пайдалану;
- ұйымның серверлік жабдықтарының толық жиынтығы және монтажы;
- ұйымның серверлік жабдықтарын баптау және техникалық қызмет көрсету.
Оқытылатын базалық және бейіндік пәндер:
|
• Алгоритмдеу және программалау |
• Параллельді программалау |
МАГИСТРАТУРА
7M06104 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Оқу мерзімі: 2 жыл
Мақсаты: Программалық инженерия саласында есептеу және бағдарламалық жүйелерді құру әдістерінің негізінде зерттеу және басқару қызметін жүзеге асыра алатын инженерлік және ғылыми ойлау қабілетті, педагогикалық дағдылары бар техникалық ғылымдар магистрлерін дайындау.
Берілетін дәреже: 7М06104 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі.
Маманның лауазымдарының тізімі:
|
• Жоғары жүктемелі қосымшаларды әзірлеу бойынша маман |
• Жүйелік инженер |
Кәсіби қызмет функциялары және түрлері:
- жоғары жүктеме жүйелерін жобалау және әзірлеу
- жоғары жүктелген жүйелердің бағдарламалық және аппараттық құралдарын басқару және пайдалану
- IoT құрылғыларының өзара әрекеттесуін және басқаруын қамтамасыз ету
- АТ саласындағы жобалар бойынша жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру
- ұйымның АТ-инфрақұрылымын жобаларды басқару
- бағдарламалық қамтамасыз ету талаптарын талдау
- бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау
- код жазу және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
- жүйелік архитектураның дамуын басқару
Оқытылатын базалық және бейіндік пәндер:
|
• Бұлттық технологиялар |
• Интеллектуалды жүйелердің алгоритмдік негіздері |
7M06121 - «IoT-жүйелер инженериясы»
Оқу мерзімі: 2 жыл
Мақсаты: IoT жүйелері саласында ғылыми-педагогикалық, инновациялық қызметті жүзеге асыратын және жаңа қолданбалы білімдерді жасайтын, IoT архитектурасы мен программалық қамтамасыз етуін жобалайтын, сенсорлар мен құрылғылардың өзара әрекеттесу желілерін құрастыратын және баптайтын магистрлерді кешенді даярлау.
Берілетін дәреже: 7М06121 «IoT-жүйелер инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі.
Маманның лауазымдарының тізімі:
|
• IoT маманы |
• бұлттық технология сәулетшісі |
Кәсіби қызмет функциялары және түрлері:
- IoT жүйесінің архитектурасын құру;
- IOT жүйелерінің архитектурасын әзірлеуді басқару;
- IoT жүйесіне техникалық қызмет көрсету және құжаттау;
- физикалық, желілік, қолданбалы деңгейлерде IoT жүйесінің функционалдығын қамтамасыз ету;
- IoT құрылғыларының өзара әрекеттесуін және басқаруын қамтамасыз ету;
- ақпаратты автоматтандырылған өңдеудің ақпараттық-есептеу жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру, өндірістік және ғылыми-зерттеу сипаттағы инженерлік, экономикалық және басқа да мәселелерді шешу;
- IoT жүйелерінің желілік құрылғыларына қызмет көрсету;
- ендірілген есептеу жүйелерін әзірлеу бойынша жұмыстарды интеграциялау;
- ендірілген есептеу жүйелерінің конструкторлық-техникалық құжаттамасын әзірлеу;
- бұлттық сервистер үшін интеграциялық шешімдерді жасау (модификациялау) және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау;
- бұлтты инфрақұрылымды әзірлеу және қолдау;
- техникалық шарттарға сәйкес программалық жүйені енгізу тұжырымдамасын әзірлеуді басқару;
- жүйені енгізуде архитектуралық шешімдердің орындалуын бақылау, жобаны іске асыру процесін талдау және жетілдіру;
- жабдыққа қызмет көрсетуді басқару, техникалық ресурстарды пайдалануды бақылау және шығындарды талдау жүргізу;
- программалық-техникалық құралдардың өзара әрекеттесуін және модернизациясын басқару.
Оқытылатын базалық және бейіндік пәндер:
|
• Бұлттық технологиялар |
• Сигналдарды сандық өңдеу |
MBA БАҒДАРЛАМАСЫ
7M04143 – «Бизнестегі цифрлық трансформация және ИТ-инновациялар (MBA)»
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқу құны – 1 800 000 теңге, ҚР резиденттеріне толық оқу периоды үшін
Мақсаты: – АКТ саласындағы заманауи ғылыми құралдарды қолдана отырып, динамикалық өзгерістер мен бизнес ортасының белгісіздігі жағдайында АТ-компаниялар мен құрылымдық АТ-бөлімшелерді басқару, бизнестің кез келген салаларында компанияның инновациялық стратегиясын әзірлеу үшін қажетті кәсіби құзыреттерді қалыптастыру.
MBA бағдарламасының артықшылықтары:
- қонақтық дәрістер;
- кәсіби іскерлік қарым-қатынастарды кеңейту;
- нарықтағы кәсіби құндылықты арттыру;
- көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдыларды жетілдіру;
- жеке коммуникация және бизнесті басқару стратегиясын әзірлеу;
- презентация түріндегі қорытынды жобаны қорғау.
Байланыс ақпараты:
Сеилов Шахмаран Журсинбекович, ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
Жұмыс тел.: +7 (7172) 709500, вн. 34200
E-mail: seilov@mail.ru, seilov_shzh@enu.kz, seilov@kai.kz
ДОКТОРАНТУРА
8D06104 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Оқу мерзімі: 3 жыл
Мақсаты: Заманауи IТ инфрақұрылымдарын дамыту үшін инновациялық, архитектуралық және бағдарламалы-аппараттық шешімдерді құруға және кәсіби қызметте академиялық, өндірістік және ғылыми мансапты қалыптастыруға мүмкіндік беретін, озық дағдылар мен терең білімдерге ие PhD докторларын даярлау.
Берілетін дәреже: 8D06104 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).
Кәсіби қызметтің функциялары мен түрлері
Ғылыми-зерттеу, жобалы-конструкторлық, өндірісті-технологиялық, ұйымдастырушылы-басқарушылық және педагогикалық қызмет.
Кездесу хаттамасы
Кездесу хаттамасы
Кездесу хаттамасы
Кездесу хаттамасы
СЕРТИФИКАТТАР
1 Орын, 2020 ж. - «5В070400 (6В06104) - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
1 Орын, 2019 ж. - «6D070400 (8D06104) - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
1 Орын, 2020 ж. - «6D070400 (8D06104) - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
1 Орын, 2021 ж. - «6D070400 (8D06104) - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
Барлық білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден өтті. Сертификаттарға сілтеме

