
Ғылыми жұмыс
2025-2026 оқу жылындағы жүйелік талдау және басқару кафедрасының ғылыми дәрежелілер үлесі

ПОҚ ғылыми-зерттеу жұмысы
ЖТБ кафедрасының ПОҚ белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кафедрада 2 мектепте ғылыми зерттеулер жүргізілуде: техника ғылымдарының докторы, профессор Бейсенби Мамырбек Аукебаевич және техника ғылымдарының докторы, профессор Оразбаев Батыр Бидайбекович.
Соңғы бес жылдағы ПОҚ ғылыми жарияланымдарының саны
Clarivate Analytics дерекқорына белгілі квартильдерге (Q1-Q4) енгізілген шетелдік рейтингтік журналдарда немесе Scopus-51 дерекқорындағы citescore бойынша процентиль көрсеткішінде; оның ішінде
Q1-Q2 журналдарында және/немесе CITESCORE бойынша процентиль 90-нан жоғары -13;
Q3-Q4 журналдарында және/немесе CITESCORE бойынша процентиль 50-ден жоғары -19;
CITESCORE бойынша процентиль 35 жоғары журналдарда-10.
ҚР БҒМ БҒСБК тізбесіне кіретін ҚР журналдарында соңғы бес жылда 38 жұмыс жарияланды. Ең жоғары ғылыми белсенділік техника ғылымдарының докторы, профессор Б.Б.Оразбаевта байқалады (WebofScience–6 базасы бойынша Хирш индексі, Scopus –16 базасы бойынша Хирш индексі).
Соңғы жылдары Web of Science және Scopus базаларына кіретін журналдарда ПОҚ жарияланымдарының саны айтарлықтай өсті. 2021 жылы басылымдарының саны Web of Science-1, Scopus-12, 2022 жылы басылымдарының саны Web of Science-2, Scopus-14, 2023 жылы басылымдарының саны Web of Science-9, Scopus-20, 2024 жылы басылымдарының саны Web of Science-5, Scopus-14 құрады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми еңбектері мен ғылыми мақалалары қазіргі заманғы басқару теориясының, ақпараттық технологиялар-дың, автоматтандырудың және басқарудың өзекті мәселелеріне бағытталған.
Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының практикалық қызметі ғылыми жобаларды орындауда, оқу процесіне енгізілген оқулықтар мен оқу құралдарын шығаруда ықпал етуде. Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуы қазіргі заманғы деңгейде мамандар даярлауға ықпал етеді. Кафедраның ПОҚ зерттеу тақырыптары ЖОО-ның ұлттық даму басымдықтарымен және даму стратегиясымен, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет бағыттарымен, ҚР-дағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен келісілген.
Соңғы бес жылда кафедрада келесі жобалар орындалды:
- ҚР БҒМ ҒК 2020-2022 жылдарға АР08857114 «Ақпараттық технологиялар детерминирленген хаотикалық процестерді зерттеу және басқару», 2020 жылғы 19 қарашадағы №321 шарт (жобаның ғылыми жетекшісі М.А. Бейсенби). Жобаға АҚШ, Нью-Йорк штаты, Бингемток қ., Бингемтон университетінің профессоры Nikulin V.V. қатысты.
- ҚР БҒМ ҒК 2020-2022 жылдарға АР08855680 «Каталитикалық риформинг қондырғысының жұмыс режимдерін басқаруға арналған шешімдерді қолдаудың интеллектуалды жүйесі», 2020 жылғы 19 қарашадағы №321 шарт (жобаның ғылыми жетекшісі Б.Б. Оразбаев). Жобаға Кипр, Кипр Европалық университетінің профессоры Xiao-Guang Yue қатысты.
- 2019-2021 жылдарға арналған «STEM/integrated approach to STEM teacher training (Эрасмус+) оқытушыларын даярлауға интеграцияланған тәсіл» Халықаралық жобасы, 22.02.2019 ж. №216-п бұйрығы (доцент С.К. Сагнаева, аға оқытушы А.С. Мырзашева қатысты).
- ҚР ҒЖБМ ҒК 2023-2025 жылдарға AP19680413 «Ляпуновтың вектор-функцияларының градиентті-жылдамдық әдісімен өзін-өзі ұйымдастыратын (синергетикалық) басқару жүйелерін синтездеудің ақпараттық технологиялары», 2023 жылғы 3 тамыздағы №269/23-25 шарт (жобаның ғылыми жетекшісі М.А. Бейсенби).
- ҚР ҒЖБМ ҒК 2024-2026 жылдарға AP23490206 «Күкірт өндіру процесін басқару үшін шешімдер қабылдауды қолдау жүйесін әзірлеу», 2024 жылғы 9 қыркүйектегі №189/ГФ24-26 шарт (жобаның ғылыми жетекшісі Б.Б. Оразбаев). Жобаға Кипр, Кипр Европалық университетінің профессоры Xiao-Guang Yue қатысады.
- ҚР ҒЖБМ ҒК 2024-2026 жылдарға AP23489120 «Мұнай өңдеу өндірістерінің өнеркәсіптік қондырғыларының цифрлық ұқсастарын құру әдістері мен алгоритмдері», 2024 жылғы 9 қыркүйектегі №189/ГФ24-26 шарт (жобаның ғылыми жетекшісі Г.А. Ускенбаева). Жобада Ресей, Мәскеу қаласы, ЖШҚ Цифрлық технологиялар орталығы профессор Сластенов Игорь қатысады.
- ҚР ҒЖБМ ҒК 2024-2026 жылдарға AP23490181 «Су ресурстарын басқарудың интеллектуалды жүйесін және IOT әзірлеу», ҚР ҒЖБМ, 2024 жылғы 9 қыркүйектегі №189/ГФ24-26 шарт (жобаның ғылыми жетекшісі С.К. Сагнаева). Жобаға Англия, Оксфорд, Wolfson College, Oxford University профессоры Crabbe, Michael James қатысады.
Докторант Н.Б. Боранбаева (2021 ж. қабылдау) АР25795091 «Каталитикалық крекинг процесін басқарудың зияткерлік жүйесін әзірлеу» тақырыбындағы жоба бойынша 2025-2027 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ ҒК «Жас ғалым» байқауында грант жеңіп алды, 2025 жылғы 03-19 ақпандағы №1 ҰҒК отырысының хаттамасынан үзінді (докторанттың ғылыми жетекшісі Б.Б. Оразбаев).
Аға оқытушы И.М. Орман King's College London (Лондон қ., Ұлыбритания, 18.03-2024-18.05.2025 кезең) Болашақ бағдарламасы бойынша «ТОП-500 ғалым» байқауында ғылыми тағылымдамадан өту грантын жеңіп алды. Қауымдастырылған профессор Г.А. Ускенбаева Болашақ бағдарламасы бойынша «ТОП-500 ғалым» байқауында Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетіне (АҚШ, Шампейн қ., Иллинойс, 29.06-2025-26.05.2026 кезең) ғылыми тағылымдамадан өту грантын жеңіп алды.
