
Білім беру бағдарламалары
1) Бакалавриат
a. 6В07102 – «Автоматтандыру және басқару» (4 жыл)
b. Біріккен білім беру программасы (екідипломдық) БГУИР
5В070200 «Автоматтандыру және басқару» ЕҰУ/ 1-53 01 07 бағыты және «Информационные технологии и управление в технических системах» БГУИР (4 жыл)
Білім саласы: 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Оқыту бағыты: 6В071 – Инженерия және инженерлік іс
Білім беру бағдарламаларының тобы: В063 Электротехника және автоматтандыру
Білім беру бағдарламасының атауы: 6В07102 – Автоматтандыру және басқару
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Басқару теориясы бойынша іргелі білімі бар, техникалық жүйелерді және технологиялық үрдістерді автоматтандырудың заманауи бағыттары туралы түсінігі бар, ғылыми, тәжірибелік және өндірістік қызметте өз білімін қолдана алатын бакалаврларды дайындау
Лауазымдар тізімі: Автоматтандыру жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі инженер, өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйелері жөніндегі инженер (ақпараттық технологиялар бөлімшесі немесе орталығы), инженер-жобалаушы, жабдықты жинақтау жөніндегі инженер, ғылыми-техникалық ақпарат жөніндегі инженер, еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жөніндегі инженер, өндірістегі құрылымдық бөлімшелердің басшысы және т. б.
Кәсіби қызмет саласы: Бітірушілер барлық өндірістік салаларында ақпарат өңдеу құралдарын және әдістерін қолданумен байланысты техникалық жүйелердіақпараттандыру басқару, автоматтандыру жұмысына дайын
2) Магистратура
Білім саласы: 7М07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Оқыту бағыты: 7M071 – Иженерия және инженерлік іс
Білім беру бағдарламаларының тобы: М100 - Автоматтандыру және басқару
Білім беру бағдарламасының атауы: 7M07102 – Автоматтандыру және басқару
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Өндіріс салаларының барлығын басқару үшін ақпараттарды өңдеу әдістері мен амалдарын қолданумен байланысты технологиялық, техникалық жүйелерді басқару және ақпараттандыру, автоматтандыру салаларында жұмыс жасау үшін, ғылыми- зерттеулік және оқытушылық қызмет саласында техникалық ғылымдар магистрлерін дайындау
Лауазымдар тізімі: Технологиялық процесстер мен өндірістердің автоматтандырылған басқару жүйелері, түрлі тағайындауларға арналған автоматтандырылған ақпаратты-басқарушы жүйелері, түрлі тағайындауларға арналған мәліметтерді өңдеу және тасымалдаудың, қабылдаудың автоматтандырылған жүйелері, жүйелерді жобалаудың автоматтандырылған жүйелері өңделетін және пайдаланылатын ұйымдар мен өнеркәсіптерде инженер. Мемлекеттік және мемлекеттік емес орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқытушы, оқу-зерттеу және жеке меншіктің кез келген формасындағы басқа да ұйымдарда ғылыми қызметкер
Кәсіби қызмет саласы: Өндіріс салаларының барлығын басқару үшін ақпараттарды өңдеу әдістері мен амалдарын қолданумен байланысты технологиялық, техникалық жүйелерді басқару және ақпараттандыру, автоматтандыру салаларында, ғылыми- зерттеулік және оқытушылық қызмет саласында жұмыс жасауға түлектер дайындалған
3) Докторантура
Білім саласы: 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
Оқыту бағыты: 8D071 – Иженерия және инженерлік іс
Білім беру бағдарламаларының тобы: D100 - Автоматтандыру және басқару
Білім беру бағдарламасының атауы: 8D07102 – Автоматтандыру және басқару
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Өндірістің, білім берудің, ғылымның әр түрлі салаларында автоматтандыру және басқарудың мәселелерін шеше алатын, заманауи ғылымның жаңа бағыттарындағы зерттеу әдістерін игерген жаңа формациядағы ғылыми және педагогикалық кадрларды дайындау
Лауазымдар тізімі: Ғылыми топтардың, ғылыми-зерттеу, өндірістік, әкімшілік, сараптаушы мекемелердің жетекшісі; ЖОО-ның, колледждердің, гимназиялардың оқытушысы; инженер; ғылыми-зерттеу институттарының қызметкері, ғылыми-өндірістік мекемелердің қызметкері және т.б.
Кәсіби қызмет саласы: Түлектер ғылыми-зерттеулік, ғылыми-өндірістік, оқытушылық, өндірістік-технологиялық, ұйымдық-басқару, жобалық-құрастырушы қызметтерде жұмыс жасауға дайындалған
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Түлек моделі |
|
|
6В07102 - Автоматтандыру және басқару |
|
|
7М07102 - Автоматтандыру және басқару |
|
|
7M07103 – Жоғары технологиялық өндірістерді киберфизикалық автоматтандыру |
|
|
8D07102 -Автоматтандыру және басқару |
|
Жүйелік талдау және басқару кафедрасының қызметі туралы жоспары мен есебі |
|||||||||
|
2025 |
2023-2024 |
2022-2023 |
2021-2022 |
2020-2021 |
|||||
| Есеп | |||||||||
Жылдық есеп каф САУ 2024-2025ж
Жылдық есеп каф САУ 2023-2024ж
Жылдық есеп каф САУ 2022-2023ж
