
Талапкер
Білім беру бағдарламасының атауы: 6В06112 – Жасанды интеллект технологиялары
Білім беру саласы: 6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Оқыту бағыты: 6В061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламалары тобы: В057 Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламасының мақсаты: жасанды интеллект саласындағы іргелі білімі бар, әр түрлі салаларда интеллектуалды есептеу жүйелерін жобалау және құру дағдыларына ие бакалаврларды дайындау
Лауазымдар тізімі: жасанды интеллект қосымшаларын программалаушы; жасанды интеллект инженері; білім инженері; онтоинженер;
Кәсіби бағыт: ойлау үлгілері, танымдық және білімге негізделген жүйелер, мәселелерді шешу және шешім қабылдау, үлгіні тану және компьютерлік көзқарас сияқты табиғи интеллектті имтациялайтын жасанды интеллект жүйелерін жобалау және құру (модификация)
Білім беру саласы: 7М06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Оқыту бағыты: 7М061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламалар тобы: М094 Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламасының атауы: 7М06112 – Жасанды интеллект технологиялары
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Жасанды интеллекттің нақты мәселелеріне қолданылатын технологияларды, әдістер мен құралдарды, программалық жасақтама мен әдіснаманы білетін магистрлерді дайындау
Лауазымдар тізімі: жасанды интеллект маманы; Деректерді өндіру бойынша маман; нейрондық желі маманы; машиналық оқыту маманы; компьютерлік лингвистика маманы; жоғарғы оқу орындары оқытушысы;
Кәсіби бағыт: интеллектуалды жүйелерде білімді ұсыну әдістері мен модельдерін зерттеу және әзірлеу; үлестірілген орта мен Интернеттегі интеллектуалдық іздеу және ақпаратты өңдеу; үлкен деректерді өңдеу және талдау, үлгіні тану; бұлыңғыр және күрделі мәселелерді шешу; жоғары білім беру жүйелері және ғылыми зерттеулер
Білім беру саласы: 7М06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Оқыту бағыты: 7M061 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламалар тобы: М094 Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламасының атауы: 7М06109 – Кәсіпорындарда компьютерлік жүйелер мен желілерді басқару және қорғау жөніндегі әкімші
Білім беру бағдарламасының мақсаты: компьютерлік технологиялар мен программалық қамтамасыз ету саласындағы дағдылар, білімдер мен дағдыларды меңгерген, компьютерлік жүйелер мен желілерді кәсіби іс-әрекетте қорғаудың әдістері мен технологияларын қолдана алатын магистрлерді дайындау
Лауазымдар тізімі: ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші; АҚ басқару жүйесінің аудиторы, ақпараттық қауіпсіздік бойынша маман, программалық қамтама инженері (программалаушы); қауіпсіздік техникасы инженері; қауіпсіз программалық қамтама әзірлеуші; программалық қамтаманы сынау жөніндегі маман; программалық қамтамасыз ету бойынша маман
Кәсіби бағыт: ақпаратты сақтау, беру және талдаудың ұйымдастырушылық, аппараттық және программалық қамтама әдістері мен құралдарын әзірлейтін, енгізетін және қолданатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.
Білім беру саласы: 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Оқыту бағыты: 8D061–Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Білім беру бағдарламалары тобы: D094 Ақпараттық технологиялар
Білім беру бағдарламасының атауы: 8D06102 – Информатика
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Информатика саласындағы нәтижелердің практикалық қолданылуын көрсететін рейтингтік журналдарда маңызды нәтижелер шығаратын тәуелсіз зерттеушілерді даярлау
Лауазымдар тізімі: АКТ бойынша кеңесші; АКТ бойынша сарапшы; ғылыми-зерттеу институттарының қызметкері; ғылыми-өндірістік мекемелердің ғылыми қызметкері; ғылыми, өндірістік, әкімшілік, сараптама мекемелерінің ғылыми тобының жетекшісі; университет оқытушысы және т.б.
Кәсіби қызмет саласы: теориялық информатикадағы мәселелердің теориялық, практикалық әдістерін әзірлеу және зерттеу; ғылыми-өндірістік мекемелер үшін АКТ саласындағы жобалық шешімдерді әзірлеу; білім беру қызметі.
