
Практика
"ИНФОРМАТИКА" КАФЕДРАСЫНЫҢ ПРАКТИКАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
БАКАЛАВРИАТ
«6В01511-Информатика білім беру бағдарламасы бакалавриат оқу барысында кәсіби тәжірибенің келесі түрлерінен өтеді:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Кәсіптік практиканың мақсаты – оқытудың бейініне сәйкес сабақтардың әртүрлі түрлерін өткізуде инновациялық білім беру технологияларын қолдана отырып, пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін педагогикалық жобалауға дайындығын қамтамасыз ететін білім алушылардың педагогикалық әрекеті мен кәсіби құзыреттерін дамытуға жағымды уәждемесін қалыптастыру; жобалаушылық, сындарлылық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік және тәрбиелік педагогикалық қызметтерін атқару дағдыларын қалыптастыру; кәсіби педагогика саласындағы психологиялық-педагогикалық білімдерді бекіту және ғылыми-педагогикалық мәселелерді шешудегі шығармашылық дағдыларды меңгерту.
Кәсіби практиканың міндеттері: ЖОО шарттарында педагогикалық қызмет тәжірибесін жинақтау; педагогикалық қызмет, педагогикалық жүйелер мен орта білім беру мекемелерінің құрылымдары жайлы тұтас түсінік қалыптастыру; мұғалімнің тұлғалық-кәсіби қасиеттерін дамыту; студент тұлғасын және мектеп тобын зерделеудің диагностикалық әдістері мен эмпирикалық әдістерін меңгерту; орта/жоғары білім беру педагогикасының жетістіктерін, университеттің білім беру үдерісінің қазіргі жағдайын, озық білім беру технологияларын зерттеу.
* * * * *
Оқу практикасы бойынша қорытынды конференция
Мамандыққа алғашқы қадам! Информатика білім беру бағдарламасының студенттері өздерінің тәжірибелерімен бөлісті
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Информатика кафедрасында 6B01511 – Информатика білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттерінің оқу практикасы қорытындылары тыңдалды. Тәжірибеге қатысқан топтар: В011-1511-24-01, В011-1511-24-03, В011-1511-24-04 (ағылшын). Практика жетекшісі: педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Абильдинова Г.М.
Болашақ IT-педагогтар өздерінің алғашқы кәсіби әсерлерімен бөлісті: олар мектептегі сабақтарға қатысып, білім беру құжаттарымен танысты, цифрлық платформаларды зерттеді және тіпті сабақ та беріп көрді.
«Біз теорияның практикаға қалай айналатынын өз көзімізбен көрдік. Қазіргі технологиялардың мұғалімдер мен оқушыларға қалай көмектесетінін бақылау өте қызықты болды!» – деп бөлісті студенттер.
Студенттер жоғары деңгейдегі рефлексия көрсетіп, мазмұнды есептер мен әсерлі презентациялар дайындады. Бұл тәжірибе тек оқу кезеңі ғана емес, саналы кәсіби жолдағы маңызды қадам болды.
Практика жетекшілері студенттердің дайындығын, бастамашылдығын, жауапкершілігін және цифрлық сауаттылығын жоғары бағалады.
Кафедра Астана қаласындағы Халықаралық мектебіне және оның қызметкері Темірханова Меруерт Сайлауқызына тәжірибені ұйымдастырудағы ынтымақтастығы мен қолдауы үшін зор алғыс білдіреді! Біз бірге – жаңа буын педагогтарын дайындаймыз!

* * * * *
Психологиялық-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция
2025 жылдың 13 қаңтары мен 19 сәуірі аралығында 2 курстың В011-1511-23-01, В011-1511-23-05, В011-1511-23-07 топтарының білім алушылары Астана қаласының №93 мектеп-лицейінде 2 жақты келісімшарт негізінде 14 апта бойы психологиялық-педагогикалық практикадан өтті.
Практика барысында студенттер белсенділік танытып, оқу үдерісіне жауапкершілікпен қарады. Қорытынды конференцияға барлық білім алушылар белсене қатысып, жеке презентацияларын ұсынып, атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

* * * * *
Дипломалды практика бойынша қорытынды конференция
2025 жылдың 31 наурызы мен 12 сәуірі аралығында 4 курстың В011-1511-21-01 және В011-1511-21-02 топтарының білім алушылары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Информатика" кафедрасында дипломалды практиканы өтті.
Практика тиісті бұйрық негізінде тағайындалған жетекшілердің басшылығымен ұйымдастырылды. Дипломалды практика – болашақ педагогтің кәсіптік практика аясындағы дайындалуының соңғы кезеңі болып табылады. Ол оқу үдерісінің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.
Практика нәтижесінде студенттер қорытынды конференцияға белсене қатысып, әрбір білім алушы жеке презентация ұсынып, атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.

* * * * *
Өндірістік практика бойынша қорытынды конференция
2025 жылдың 27 наурызында «6В01511 - Информатика» БББ-да оқитын білім алушылардың өндірістік практикасының қорытынды есебі тыңдалды. Практика жетекшілері – «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессорлардың м.а. Копеев Ж.Б. мен Исакова Г.О.
Білім алушылары 10 апта бойы Қазақстан Республикасының орта білім беру мекемелерінде (мектептерінде) өндірістік практикадан өтті. Қорытынды конференцияда білім алушылар кафедра кестесінде бекітілген тапсырмаларын орындап, жинақтаған тәжірибелері мен алған практикалық дағдыларымен бөлісті. Білім алушылар өздерінің практика базалары туралы баяндап, атқарған жұмыстары бойынша есептерін қорғады. Сондай-ақ, практиканы ұйымдастыру үдерісін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді. Комиссия мүшелері мен практика жетекшілердің сұрақтарына жауап берді.

* * * * *
![]() |
![]() |
| Практика базасынан фото есептер | |
![]() |
|
![]() |
![]() |
|
Тәжірибенің барлық түрі бойынша бағыт бағдар беру және қорытынды конференция барысы |
|
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
|
Тәжірибенің барлық түрлері үздіксіз форматта (оқу кезінде, оқу үдерісінен үзіліссіз) өтеді. |
|
Информатика кафедрасының практикалық базасы Астана қаласындағы орта оқу орындары болып табылады, олармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған:
|
№ |
Шифр специальности |
Негізгі практикалық базалардың атауы |
Орналасқан жері тәжірибелердің негіздері (аймақ, аудан, қала) |
Байланыс деректері, баз практик электрондық пошта |
|
1 |
6B01511-Информатика
|
№54 мектеп-лицей келісім шарт № 02-04-19/828, 13.10.2020 ж. |
Астана қ., Иманова к. 4 |
+7(7172)6838344 |
|
№5 мектеп-гимназиясы келісім шарт № 02-04-19/829, 10.13.2020 ж. |
Астана қ., Ж.Тархана к. 16 |
+7(7172)501745 |
||
|
№56 мектеп-лицей келісім шарт № 02-04-19/827, 13.10.2020 ж. |
Астана қ., Челюскинцев к. 29/1 |
|||
|
Ақпарттық технологиялар факультеті Информатика кафедрасы |
Астана қ., А.С. А.Пушкина к. 11 |
+7(7172) 70-95-00 вн. 34-405 kafedra_ inf@enu.kz |
||
|
«Нұрсұлтан Назарбаев білім қоры» қоғамдық қорының филиалы Астана қ. «Мирас» мектебі келісім шарт №450, 11.02.2019 ж. |
Астана қ., Күйші Дина к, д.32 |
+7(7172)369875
|
||
|
«Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия КММ» договор №02-04-19/839, 10.11.2020 ж. |
Астана қ., Бурабая к. 38 |
+7 (7172) 50-17-58
|
||
|
Дарынды ер балаларға аранлған «Білім Инновация» лицей-интернаты КММ келісім шарт №04-05-09/1387, 05.09.2022 ж. |
Астана қ., Т.Рыскулова к. 14 |
+7(7172)50-17 21 erbilastana@gmail.com
|
||
|
«№ 38 мектеп-лицейі» КММ келісім шарт № 04-05-09/1388, 09.05.2022 ж. |
Астана қ., Г.Мүсiрепов к. 8/2 |
+7(7172)50-17-12 |
||
|
Қадыр Мырза Әли атындағы BIOM SCHOOL мектеп-лицейі «BINOM EDUCATION» ЖШС № 04-05-09/1409, 12.10.2022ж. |
Астана қ., Есиль ауданы, 38 9/5 |
+7(7172)57-87-29
|
||
|
«Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы Астана қалалық дербес білім беру ұйымы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» № 04-05-09/2130, 12.08.2023ж. |
Астана қ., Хусейн бен Талал к. 21 |
+7(7172)575785
|
- Видео отчет. 15.01.2024 - 20.04.2024 аралақта 3 курс Педагогикалық практика барысы.
2024-2025 оқу жылы. 1-4 курс бойынша барлық түрдегі практикалардың өтілуі және нәтижесі туралы есебі
2022-2023 оқу жылы. 1-4 курс студенттерінің практика есебі
МАГИСТРАТУРА
«7M01511 – Информатика», «7M01124 – Педагогикалық өлшеулер», «7M01525 – STEM білім беру» білім беру бағдарламаларның
Магистратура оқу барысында кәсіби тәжірибенің келесі түрлерінен өтеді:
![]() |
![]() |
Кәсіби тәжірибе-бұл «01 Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша кадрларды кәсіби даярлаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Ол теориялық саладан күнделікті кәсіби педагогикалық қызмет саласына алынған білім мен іскерлікті көшірудің тиімді механизмі болып табылады.
Педагогикалық практика болашақ магистрантты жалпы білім беру мекемелерінде, колледждерде, жоғары оқу орындарында білім беру үдерісін жүзеге асыруға дайындауды көздейді. Магистранттардың жұмысы бакалаврларды дайындау бағдарламасы аясында психологиялық - педагогикалық бағыттағы пәндер бойынша оқу материалдарын әзірлеуді және сабақтар өткізуді көздейді. Сабақтар көлемі мен оқу материалдарына қойылатын талаптарды тиісті магистрлік бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орны айқындайды.
Зерттеу практикасы магистрды дайындаудың негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Педагогикалық Ғылымдар дайындау бағыты бойынша магистрлік бағдарлама шеңберінде зерттеу практикасы магистрлік диссертация тақырыбы бойынша эксперименталды жұмыс жүргізу саласында магистранттың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру мен жетілдіруге, сондай-ақ зерттеу жүргізудің диагностикалық құралдарын қолдануға, ғылыми мақалалар мен құралдарды жазуға бағытталған.
![]() |
![]() |
|
Практика базасынан фото есептер |
|
![]() |
![]() |
|
Педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция |
|
2023-2024 оқу жылы. 2 курс магистранттарының Педагогикалық іс-тəжірибені өткізу жəне нəтижелері туралы есебі
ДОКТАРАНТУРА
«8D01511 – Информатика» и «8D01124–Педагогикалық өлшеулер» білім беру бағдарламалар
Докторантура оқу барысында кәсіби тәжірибенің келесі түрлерінен өтеді:
![]() |
![]() |
Докторанттардың педагогикалық практикасы жоғары білім беру жүйесінде оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі саласында жаңа білім, білік және практикалық дағдыларды алу мақсатында жүргізіледі. Ол докторанттарды оқыту процесінде алынған теориялық-әдіснамалық білімді бекіту және қажетті кәсіби дағдылар мен құзыреттілікті қалыптастыру, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық білім беру саласындағы озық тәжірибені меңгеру мақсатында жүргізіледі.
Зерттеу тәжірибесі отандық және шетелдік ғылымдардың жаңа теориялық-әдіснамалық , дидактикалық , әдістемелік және технологиялық жетістіктерін зерттеу, диссертация бойынша зерттеу диагностикасын, өңдеудің және интерпретацияның заманауи әдістерін практикалық дағдыларын колданудың бекіту мақсатында жүргізіледі.
![]() |
![]() |
|
Практика базасынан фото есептер |
|
![]() |
![]() |
| Педагогикалық тәжірибе бойынша қорытынды конференция | |
Информатика кафедрасының практикалық базасы Астана қаласындағы және басқа облыстардағы орта және жоғары оқу орындары болып табылады, олармен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалған:
- Астана қаласы НЗМ
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.
- Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
- No38 мектеп-лицейі, Астана қаласы
- Ақселей Сейдімбек атындағы No54 мектеп-лицейі, Астана қаласы.
2024-2025 оқу жылы. 2 курс докторанттарының Зерттеу практикасын өткізу және нәтижелері туралы есебі
2023-2024 оқу жылы. 2 курс докторанттарының Зерттеу практикасын өткізу және нәтижелері туралы есебі
2022-2023 оқу жылы. 2 курс докторанттардың Ғылыми-зерттеу практикасын өткізу және нəтижелері туралы есебі


























