
Оқиғалар
Аймақтық олимпиада — 2026!!!
2026 жылғы 16-17 ақпан күндері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Информатика» пәні бойынша аймақтық олимпиада өтті. Олимпиадаға Астана қаласы мен Ақмола облысынан 33 білім беру ұйымынан 116 оқушы қатысты. Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 20 үздік оқушы финалдық турға жолдама алды. Қорытынды кезең офлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушылар алгоритмдік ойлау мен бағдарламалау дағдыларын тексеруге бағытталған күрделі есептерді орындады. Олимпиаданың басты мақсаты — дарынды оқушыларды анықтау, олардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білім деңгейін арттыру, олимпиадалық бағдарламалау мәдениетін дамыту және жасөспірімдерді ІТ саласына ынталандыру.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
- І орын — Дулатбай Иманғали (Intellectual Generation)
- ІІ орын — Зандыбай Әли (№66 мектеп-лицейі)
- ІІ орын — Шаяхмет Батырхан (№93 мектеп-лицейі)
- ІІІ орын — Тағайбек Темірлан (№66 мектеп-лицейі)
- ІІІ орын — Макситбекова Айшат (№30 мектеп-гимназиясы)
- ІІІ орын — Каирбеков Азиз (№30 мектеп-гимназиясы)
Барлық қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың алдағы республикалық және халықаралық олимпиадаларда да жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз.

* * * * *
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы білім алушылар
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 2021–2025 жылдарға арналған академиялық ұтқырлық және интернационалдандыру стратегиясын іске асыру мақсатында Ош мемлекеттік университетінің бес білім алушысы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде «Информатика» кафедрасында білім алды.

Академиялық ұтқырлық барысында білім алушылар оқу жоспарына сәйкес пәндерді меңгеріп, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға белсенді қатысты. Сонымен қатар, кафедра оқытушыларымен бірлескен ғылыми-әдістемелік жұмыстарға тартылып, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға өз үлестерін қосты.
Бағдарламаға қатысқан білім алушылар:
- Азимова Дияна
- Камалова Сайкал
- Куштарбекқызы Сыргайым
- Мамасадыкова Нурайым
- Сыдыкова Нускайым.
* * * * *
Философия докторы (PhD) диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
2025 жылдың 24 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің диссертациялық кеңесінде «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында «Информатика» кафедрасының докторанты Ділдабек Ақерке Қошқарқызы «Болашақ информатика мұғалімдерін SMART-технологиялар бойынша оқытудың практикалық-бағытталған тәсілі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

Зерттеу жоғары оқу орындарында болашақ информатика мұғалімдерін даярлау үдерісінде SMART-технологияларды оқыту барысында практикалық-бағытталған тәсілді жүзеге асыруға бағытталған. Бұл тәсіл білімді практикада тиімді қолдануға, білім алушылардың практикалық-бағытталған тапсырмаларды шешу дағдыларын жетілдіруге және шығармашылық ойлауды дамытуға, сондай-ақ кәсіби қызметте қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ғылыми кеңесшілер:
- Ермагамбетова М.А. – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Чайко Елена – техника ғылымдарының докторы (Dr. sc. ing.), профессор, Рига техникалық университеті, Латвия Республикасы
Ақерке Қошқарқызын ғылыми еңбегін сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми жолда жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!
* * * * *
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Педагогикалық өлшеулер» БББ-ның білім алушылары Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен кездесуі
2025 жыл 25 қыркүйек. Кездесудің мақсаты – білім беру деректерін талдауда педагогикалық өлшеулер әдістерін қолдану мәселелерін талқылау, атап айтқанда ҰБТ және ПББ нәтижелерін сараптау, сондай-ақ ҰТО қызметкерлерінің өздерінің аналитикалық зерттеулері мен жобаларын таныстыру.

ҰТО өкілдері педагогикалық өлшеулер саласында мамандар даярлаудың ұлттық бағалау жүйесінің сапасын қамтамасыз етудегі маңыздылығын атап өтті.
ҰТО қызметкерлері ҰБТ және ПББ деректерін талдау бойынша өздерінің зерттеу жобаларының нәтижелерін таныстырды. Үлкен деректер массивін өңдеу тәсілдері, статистикалық талдау әдістері және нәтижелерді визуализациялау ұсынылды. Әсіресе білім алушылардың жиі жіберетін қателері, пәндер бойынша балдардың бөлінуі және нәтижелерді білім сапасы тұрғысынан түсіндіру мәселелері қарастырылды.

ҰТО өкілдері талдау әдістемесі мен ұсынылған модельдердің практикалық маңыздылығы бойынша сұрақтар қойды. Білім алушылардың аналитикалық жұмыстарының ҰТО қызметіне, әсіресе мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған ұсынымдар әзірлеу ісіне кіріктірілуінің өзектілігі атап өтілді. Сонымен қатар білім алушылардың заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып, білім беру аналитикасы саласындағы құзыреттерін одан әрі дамыту қажеттілігі көрсетілді.
ҰТО мен ЕҰУ арасындағы ынтымақтастықты білім алушылардың тәжірибесін ұйымдастыру, бірлескен зерттеулер жүргізу және білім сапасын бағалау жобаларына қатысу бағытында жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді. Білім алушыларды орталықтың практикалық тапсырмаларына тарту мақсатында тұрақты кездесулер мен шеберлік сыныптарын өткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Кездесу білім алушылардың педагогикалық өлшеулердің практикалық қырларына деген жоғары қызығушылығын көрсетті және ұлттық бағалау жүйесін дамыту үшін жас мамандарды даярлаудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
* * * * *
Философия докторы (PhD) диссертациясын сәтті қорғауымен құттықтаймыз!
2025 жылдың 16 маусымында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы аясында дайындалған Удербаева Нургуль Калиевнаның "«Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда толықтырылған және виртуалды шындықты қолданудың теориялық-практикалық негіздері" тақырыбындағы диссертациялық жұмысы сәтті қорғалды.

Ғылыми кеңесшілері:
- Карелхан Нурсауле – PhD, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, «Информатика» кафедрасы;
- Peter Schmidt – PhD, профессор, Братислава экономикалық университеті, «Қолданбалы информатика» кафедрасының меңгерушісі (Братислава, Словакия Республикасы).
Нургуль Калиевнаны маңызды ғылыми жетістігімен – PhD ғылыми дәрежесін сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз! Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен нәтижелілігі заманауи білім беру саласына қосылған қомақты үлес екені сөзсіз. Алдағы уақытта да ғылыми-зерттеу жолында толағай табыс, тың идеялар мен кәсіби биіктерге жете беруіңізге шын жүректен тілектеспіз!
* * * * *
«ǴYLYM JÁNE BІLІM–2025» атты ХХ Халықаралық ғылыми конференциясы өтті
2025 жылдың 11 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «ǴYLYM JÁNE BІLІM–2025» атты ХХ халықаралық ғылыми конференциясының «Білім берудегі цифрлық трансформация» секциясы аясындағы үздік ғылыми жұмыстар анықталды!

Жүлделі орын иегерлері:
I орын:
- Сагындыкова Акбота Сакеновна – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Мақала: «Болашақ информатика мұғалімдерін магистратураға даярлаудағы онлайн-курстардың рөлі».
II орын:
- Бакенова Арайлым Аскаровна – Astana IT University. Мақала: «Цифровизация тестирования: разработка нейросетевого приложения для формирования заданий по английской грамматике»;
- Аталова Аружан – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Мақала: «Мобильное приложение первой помощи».
III орын:
- Балтабаев Нұрқасым Полатұлы, Дәрменов Әділет Мұратұлы, Мұратова Мөлдір Мұратқызы – Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті. Мақала: «Жасанды интеллект негізінде жаратылыстану пәндерін оқытуды жетілдіру: BilimALL AI платформасының мүмкіндіктері»;
- Жаңабекқызы Аяулым - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті. Мақала: «EDCAFE AI көмегімен сабақты жоспарлау»;
- Орынбаев Махсат Жалгасбайұлы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Мақала: «Компьютерлік көру алгоритмдерін машиналық оқыту негіздері бойынша қолданудың оқу-әдістемелік негіздері».
Алғыс хат иегерлері:
- Сабитова А.Б., Ражапова А.Н. – С. Аманжолов атындағы ШҚУ. Мақала: «Жасанды интеллект және білім: болашақ мұғалімдерге арналған жаңа мүмкіндіктер»;
- Ғазиз Жамал Ермекқызы – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Мақала: «Бастауыш мектепте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту әдістемесі»;
- Абдуашимова Перизат Махмудқизи – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. Мақала: «Білім беру процесінде жасанды интеллект технологияларын қолданудың тиімділігі».
Барлық жеңімпаздарды және қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми ізденістеріңізге сәттілік тілейміз!
* * * * *
Н.К. Удербаеваның философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясының алдын ала қорғауы өтті
2025 жылдың 28 наурызында 8D01511-«Информатика» БББ бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ізденуші Удербаева Нургуль Калиевнаның «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда толықтырылған және виртуалды шындықты қолданудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбындағы докторлық диссертациясын алдын ала қорғауға арналған кеңейтілген мәжілісі өтті.

Бұл мәжіліске "Информатика" кафедрасының ПОҚ және докторанттар қатысты. Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалған.
Докторанттың ғылыми кеңесшілері:
- Карелхан Нурсауле – қауымдастырылған профессор, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасы.
- Peter Schmidt – PhD., профессор, Братислава Экономикалық университетінің «Қолданбалы информатика» кафедрасының меңгерушісі.
Мәжіліске қатысушылар ізденуші Н.К. Удербаеваның зерттеу жұмысын бірауыздан қабылдап, табыстар мен жеңістер тілеп, қорғауға ұсынды.
* * * * *
Философия докторы (PhD) диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтаймыз!
2025 жылдың 21 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің диссертациялық кеңесінде «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында «Информатика» кафедрасының келесі докторанттары диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғады:
- Жилмағамбетова Раушан Зейнетоллақызы – «Математика пәнін дербес бейімдеп оқытудың ғылыми-әдістемелік және бағдарламалық жасақтамасы» тақырыбында;

- Балғынбаева Карина Ғалиахметқызы – «Білім беруді жаңарту жағдайында педагогикалық ұжымға құралдық-әдістемелік қолдауды жобалау» тақырыбында.

Докторанттардың ғылыми кеңесшілері:
- Мубараков А.М. – п.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Информатика» кафедрасының профессоры.
- Эркан Чалышкан – философия докторы (PhD), Нигде Омер Халисдемир атындағы университеті, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Нигде қ., Турция).
Әріптестерге алдағы қызметте сәттілік, шығармашылық табыс, жоғары белестерге жете берулерін тілейміз!
* * * * *
"Қауымдастырылған профессор" ғылыми атағын алумен құттықтау!
2025 жыл 08 ақпан. «Информатика» кафедрасының ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығы негізінде әріптестерін 50300 – "Білім" ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуымен шын жүректен құттықтайды.

* * * * *
Философия докторы (PhD) диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтаймыз!
2025 жылдың 10 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің диссертациялық кеңесінде «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу мақсатында «Информатика» кафедрасының келесі докторанттары:
- Калкабаева Зухра Кусайновна «VR/AR технологияларын білім беруде қолданып, білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғады.

Ғылыми кеңесшілері:
- Шындалиев Н.Т. – п.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Мукашева М.У. – п.ғ.к., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, білім беруді цифрландыруды дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері;
- Григорьев С.Г. – т.ғ.д., профессор, Ресей білім академиясының корреспондент-мүшесі, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, «Информатика, басқару және технологиялар» департаментінің профессоры (РФ, Мәскеу қаласы).
Өмірзақова Айсара Айбекқызы «Мектепте иммерсивті оқыту технологияларын қолдану қауіпсіздігі мәселелерін зерттеу» тақырыбындағы диссертациялық жұмысын қорғады.

Ғылыми кеңесшілер:
- Давлетова А.Х. – п.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а.;
- Мукашева М.У. – п.ғ.к., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, білім беруді цифрландыруды дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері;
- Григорьев С.Г. – т.ғ.д., профессор, Ресей білім академиясының корреспондент-мүшесі, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, «Информатика, басқару және технологиялар» департаментінің профессоры (РФ, Мәскеу қаласы).
Әріптестерге алдағы қызметте сәттілік, шығармашылық табыс, жоғары белестерге жете берулерін тілейміз!
* * * * *
Әріптестерге алдағы қызметте сәттілік, шығармашылық табыс, жоғары белестерге жете берулерін тілейміз!
Философия докторы (PhD) диссертацияларын сәтті қорғауларымен құттықтаймыз!
2024 жылдың 19 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасының докторанттары Қадірбек Ақнұр мен Токжигитова Айнур Нурболатовна «8D01511 – Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша диссертацияларын сәтті қорғады.

Қадірбек Ақнұр философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «Жаратылыстану ғылымдар салаларында цифрлық технологияларды оқытуда геоақпараттық жүйелерді қолданудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

Ғылыми кеңесшілері:
- Карелхан Нурсауле – философия докторы (PhD), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасының доцент м.а.
- Peter Schmidt – философия докторы (PhD), профессор, Братислава экономикалық университеті, «Қолданбалы информатика» кафедрасының меңгерушісі (Братислава қ., Словакия Республикасы).
Токжигитова Айнур Нурболатовна философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін «IT бағытындағы студенттер үшін геймификация технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғады.

Ғылыми кеңесшілері:
- Ермаганбетова Мадина Аскаровна – педагогика ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
- Lili Nurliyana Abdullah – философия докторы (PhD), профессор, «Мультимедиа» кафедрасының профессоры, Путра университеті (Селангор қаласы, Малайзия).
Диссертациялар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында орындалды.
Әріптестерге әрі қарай кәсіби табыс, жаңа жетістіктерін жүзеге асыруда сәттілік пен шығармашылық шабыт тілейміз!
* * * * *
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Туткышбаева Шырын Сарыбайевнаның
«8D01511- Информатика» білім бағдарламасы бойынша кеңейтілген мәжілісі
2024 жылдың 06 желтоқсанында Философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған Шырын Сарыбайевна Туткышбаеваның 8D01511-«Информатика» мамандығы бойынша, «Білім беру ұйымдарында IoT технологияларын қолдана отырып, ғылыми жоба жұмыстарын жасаудың теориясы мен практикасы» атты докторлық диссертацияны алдын ала қорғауы үшін кеңейтілген мәжілісі өтті.

Докторанттың диссертациялық жұмысы білім беру саласында IT технологияларды пайдаланудың заманауи тәсілдерін зерттеуге арналған.
Бұл мәжіліске «Информатика» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы және докторанттар қатысты.

Отандық ғылыми кеңесші: Закирова Алма Булатовна, п.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы EҰУ-нің «Информатика» кафедрасының доценті.
Шетелдік ғылыми кеңесші: Жмудь Вадим Аркадьевич, т.ғ.д., профессор, Новосибирск мемлекеттік техникалық университетінің «Информатика» кафедрасының меңгерушісі (Ресей Федерациясы, Новосибирск қаласы).
* * * * *
Шетелдік профессор Лили Нұрлиян Абдулла (Lili Nurliyana Abdullah) "Информатика" кафедрасының оқытушыларына семинар өткізді.

07 қазан 2024 жыл. ЕҰУ информатика кафедрасы Малайзияның Путра университетінен келген профессор Лилидің қатысуымен семинар сәтті өтті. Шара барысында ғылыми зерттеулер мен жобалардың жаңа көкжиектерін ашатын халықаралық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Семинардың негізгі нәтижелері:
- Университеттер арасында IT саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау
- Халықаралық ғылыми жобалар және студенттер алмасу
- Білім беру бағдарламаларына цифрлық технологияларды интеграциялау
Қатысушылар ынтымақтастық пен ғылыми қызметті одан әрі дамытуға көмектесетін бірегей білім мен ұсыныстар алды.
* * * * *
Информатикадағы білім берудегі Stem" және "Internet of things" пәндері бойынша шетелдік профессорлар Лили нұрлиян Абдулла (Lili Nurliyana Abdullah) және Rohaya Latip (Rohaya Latip) қатысатын курстар

2023 жылғы 16 қазаннан 2023 жылғы 13 қарашаға дейін Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінде "информатикадағы білім берудегі Stem" және "Internet of things" пәндері бойынша шетелдік профессорлар Лили нұрлиян Абдулла (Lili Nurliyana Abdullah) және Rohaya Latip (Рохая)қатысуымен оқу курстары өткізіледі Латип) ҚР БҒМ қаржыландыратын шақырылған мемлекеттік грант шеңберінде. Путра университетінің профессорлары (Малайзия) әлемдегі ең үздік 300 университеттің қатарына кіреді және өз саласында тәжірибелі және жоғары білікті, студенттерге академиялық мақсаттарына жетуге тәлімгерлік етеді, күрделі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ортада ақпараттық процессорларды бақылайды, кәсіби және қоғамдық үлес қосады, технологияны қолдана отырып оқыту мен оқудағы шеберлігі үшін танылады, басқарады және ынтымақтасады көптеген серіктестермен және халықаралық агенттіктермен бірге Скопус ғылыми-метрикалық базасында көптеген басылымдар бар.
* * * * *
|
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нурбекова Гульмира Фазылгаламовнаның «8D01511- Информатика» білім бағдарламасы бойынша кеңейтілген мәжілісі Кеңейтілген мәжіліс 2023 жылы 17 сәуір, сағат 14.00-де 222 ауд, АТФ корпусында болды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нурбекова Гульмира Фазылгаламовнаның 8D01511- Информатика білім бағдарламасы бойынша «Жоғары оқу орнында білім алушыларды үлкен көлемді деректер бойынша даярлаудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбындағы кафедраның кеңейтілген мәжілісі өтті.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Информатика кафедрасында орындалған. Ғылыми кеңесшілері: Серік Меруерт педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Информатика кафедрасының профессоры. Култан Ярослав философия докторы (PhD), Братислава Экономикалық университетінің Қолданбалы информатика кафедрасының профессоры (Словакия Республикасы, Братислава қаласы). Лондондағы ең ірі халықаралық Bett 2023 көрмесі Excel London қаласындағы Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен Bett 2023 ірі халықаралық көрмесіне Л.Н. Гумилева Жасанды интеллект технологиясы кафедрасының доценті Кинтонова А.Ж. және информатика кафедрасының доценті Абильдинова Г.М. Ресми түрде 4000 келушілер тіркелді. Көрменің төрт күнінде әлемнің 100-ден астам елінен 800-ден астам компания бағдарламалық, аппараттық, қолданбалы және басқа да технологиялық шешімдерді қоса алғанда, білім беру саласындағы соңғы әзірлемелері мен инновацияларын ұсынды. Көрмеге қойылған өнімдер робототехника, онлайн оқыту, геймификация, виртуалды және толықтырылған шындық, жасанды интеллект және т.б. Bett – әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған келушілерді тартатын білім беру саласындағы басты оқиға. Көрменің ұйымдастырушылары сонымен қатар көптеген семинарлар мен іс-шаралар өткізеді, соның ішінде панельдік пікірталас, қатысушылар білім саласындағы ең өзекті тақырыптарды талқылайды. Bett 2023 бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – әрбір студентке оның қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке көзқарасты қамтамасыз ететін дербестендірілген оқыту. Сонымен қатар, Бетт компаниялар мен оқу орындары арасындағы жаңа серіктестіктер менынтымақтастықтарды жариялайтын платформаға айналды. Бұл серіктестіктердің кейбіреулері жасанды интеллект және машиналық оқыту сияқты озық технологияларды пайдаланатын жаңа оқу бағдарламаларын құруға бағытталған. 2023 жылдың 27 наурызында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасында «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау» кадрларды даярлау бағытында: «6D011100 – Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін кафедраның кеңейтілген мәжілісі өткізілді Кеңейтілген мәжілісте екі докторант диссертациялық жұмыстарын қорғады: Рахимжанова Мира Бейсенбаевнаның «Болашақ информатика мұғалімдерін компьютерлік графикаға оқытудың әдістемелік жүйесі» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы. Докторанттың ғылыми кеңесшілері: п.ғ.д., профессор – Мубараков А.М., п.ғ.к., доцент – Давлетова А.Х., шетелдік кеңесші, философия докторы (PhD), профессор – Ярослав Култан (Словакия, Братислава Экономикалық университеті, «Қолданбалы информатика» кафедрасы). Сембаев Талгат Мухаметкановичтің «Оқу әрекетін бағалау және мониторинг жүргізу мақсатында толықтырылған шынайылық технологиясын қолдана отырып, бақылау-өлшеу материалдарын жобалау» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы. Докторанттың ғылыми кеңесшілері: п.ғ.к., қауымдастырылған профессор – Абильдинова Г.М., шетелдік кеңесшісі, философия докторы (PhD), профессор – Francesco De Natale (Италия, Тренто университеті, «Ақпараттық инженерия және компьютерлік ғылымдар» кафедрасы). Докторанттар регламентті сақтай отырып, өз зерттеу жұмыстарының мақсатын, міндеттерін қамтитын ғылыми аппаратын, диссертациялық жұмыс мазмұнын кеңейтілген мәжіліс қатысушыларына презентациялады. Сонымен қатар, докторанттардың жұмыстарын тыңдауға «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, «Семей қаласының Шәкәрім атындағы» КеАҚ арнайы шақырылған ғалымдар да қатысты. 27 наурыз 2023 жыл. 12-00. 222 аудитория Рахимжанова Мира Бейсенбаевнаның 6D011100 Информатика мамандығы бойынша (PhD) философия докторы дәрежесін алу үшін қорғауға ұсынылған Болашақ информатика мұғалімдерін компьютерлік графикаға оқытудың әдістемелік жүйесі диссертациялық жұмысы қорғалып өтті
Ізденуші: Рахимжанова Мира Бейсенбаевна Ғылыми кеңесші: Мубараков Ақан Мукашевич – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қосымша ғылыми кеңесші: Давлетова Айнаш Халиуллиновна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Шетелдік кеңесші: Култан Ярослав – философия (PhD) докторы, Братислава Экономикалық университеті, Қолданбалы информатика факультетінің профессоры
АҢДАТПАСЫ Зерттеудің өзектілі. Қазіргі уақытта білім беруді дамыту еліміздің болашақтағы экономикалық гүлденуінің басты тірегі болып отырғаны белгілі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі атты тармағында «Білім беру сапасын жақсартып, оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет. Бұл саясат білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс» делінген. Осы жолдау негізінде қазіргі заман талабына сай білімді, жаңа форматтарға сай келетін, жаңа технологияларды жетік меңгерген және өз білгенін келешек ұрпаққа үйретуден жалықпайтын білікті маман даярлау қажет. Әр елде қоғамдық қатынастар жүйесі мен оның өзгерістері білім беру жүйесіне әсер ететіні анық, өйткені тарихи кезеңнің және экономикалық дамудың қажеттіліктеріне сәйкес болашақ ұрпақты дайындауда жетекші рөлі- білім беруге жүктеледі. Экономикалық пайдадан басқа, білім берудің басқа да әлеуметтік артықшылықтарының бірі – әлеуметтік капиталды қалыптастыруға ықпал етуі болып табылады. Қазақстандағы қоғамның қазіргі жағдайы, оның әлемдік білім кеңістігіндегі интеграциясы білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, тұрақты экономикалық өсу үшін сапалы білімнің қол жетімділігін және Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің заман талабына сай болуын қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамытуды талап етеді. Сонымен бірге, «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес: «Адами капиталға» инвестициялар күн санап өзгеретін әлемге бейімделе алатын техникалық прогрессивті, өнімді жұмыс күшін құру өте қажет. Зерттеу өзектілігі анықталған қарама-қайшылықтар негізінде зерттеу мәселесі тұжырымдалып диссертация тақырыбын «Болашақ информатика мұғалімдерін компьютерлік графикаға оқытудың әдістемелік жүйесі» деп таңдауға негіз болды. Зерттеудің нысаны: болашақ информатика мұғалімдерін дайындау үдерісі. Зерттеудің пәні: Болашақ информатика пәні мұғалімдеріне компьютерлік графикаға оқытудың әдістемелік жүйесін жасау мүмкіндіктері. Зерттеу мақсаты - білім беру процесіне қатысты заманауи ғылыми-әдіснамалық кешені негізінде болашақ информатика мұғалімдеріне компьютерлік графикаға оқытудың әдістемелік жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу, жасау және тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс жүргізу арқылы сынақтан өткізу болып табылады. Зерттеу болжамдамасы: Егер болашақ информатика мұғалімдерін компьютерлік графикаға оқытудың әдістемелік жүйесі ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда негізделіп, жүзеге асса, онда болашақ информатика мамандарының компьютерлік графика бойынша білім сапасы артады, өйткені қоғамда компьютерлік графиканы жете меңгерген мамандардың кәсіби құзіреттілігі қоғам талабына сай келеді.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері айқындалды. 17.03.23 ж. 11.00 - де докторанттардың ғылыми семинары болды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасының докторанты Рахметов Максот Елеусизовичтың «Болашақ информатика педагогтарының қашықтықтан оқыту платформасын құру мен жүзеге асыру бойынша даярлығын жетілдіру» тақырыбындағы ғылыми семинары өтті.
Ғылыми кеңесшілері: Садвакасова Айгуль Кадыркановна– PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. Peter Schmidt – PhD, Братислава экономикалық университеті, «Қолданбалы информатика» кафедрасының профессоры, (Словакия, Братислава қаласы). Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасының докторанты Мухтарқызы Каусардың «Толықтырылған шынайылықты оқыту сапасын арттыру құралы ретінде физика сабақтарында қолданудың ғылыми-қолданбалы негіздері» тақырыбындағы ғылыми семинары өтті. Ғылыми кеңесшілері: Абильдинова Гульмира Маратовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасының доценті. Lili Nurliyana Abdullah – қауымдастырылған профессор, Мультимедиа кафедрасы, Информатика және Ақпараттық Технологиялар факультеті (Селангор, Малайзия) Кафедра семинары 17.03.2023 ж. сағат 11.00. 412 аудиторияда болды. 2023 жылдың 10 наурызында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтерді даярлау» кадрларды даярлау бағытында: «6D011100 – Информатика», «8D01511 – Информатика» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация қорғалды. Ақпараттық технологиялар факультетінің «Информатика» кафедрасының докторанты Ерланова Гульмира Жумагалиевна ғылыми кеңесшілерінің жетекшілігімен «Болашақ ақпараттық технологиялар мамандарын жоғары өнімді есептеулер бойынша даярлаудың теориялық-практикалық негіздері» тақырыбындағы диссертациясын қорғауға ұсынып, сәтті қорғады. Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Информатика» кафедрасының профессоры Серік Меруерт және техника ғылымдарының докторы, профессор, Санкт-Петербург мемлекеттік аэроғарыштық құрылғылар жасау университетінің «№3 Физика» кафедрасының меңгерушісі Копыльцов Александр Васильевич. Ерланова Гульмира Жумагалиевнаны және ғылыми кеңесшілерін диссертацияның сәтті қорғалуымен құттықтаймыз!
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ мектеп бітіруші түлектерді «Талапкер -2023» Ашық есік күніне шақырады 25 ақпан 2023 жыл, сағат 10.00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ талапкерлерге арналған «Ашық есік күні» - бұл тек университетпен танысу ғана емес, сонымен қатар болашаққа дұрыс жол таңдаудың нақты мүмкіндігі. Биылғы жылы қабылдау бойынша университеттің білім беру бағдарламасымен және қабылдау шарттарымен танысқысы келетін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының түлектерін қатысуға шақырамыз. «Талапкер -2023» Ашық есік күні аясында келесі іс-шаралар өтеді: - Дизайн және сәулет бойынша студенттердің инновациялық экспозициясы; - Шеберлік сабақтарын өткізу; - Факультеттермен танысу экскурсиялары; - Факультет декандарымен, профессорлық оқытушы құрамымен және әскери кафедра өкілдерімен кездесулер; - ЕҰУ студенттік өмірімен танысу; - ЕҰУ-де оқу аясындағы халықаралық білім беру ерекшеліктері; - Концерттік бағдарлама. «Өтетін орыны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимараты, Қ.Сәтпаев көшесі, 2, «Күлтегін» атриумы. Барлық сұрақтар бойынша Кәсіби бағдар беру бөліміне хабарласыңыз. Мекен жайы: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі №13а, 104 каб. Телефондар: +7(7172) 70-94-50, 70-95-00 ішкі: 31-192. +77084253099, +77085267882. E-mail: pk@enu.kz.
«STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді кешенді даярлаудың тәсілдері» жобасының ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ 06.01.2023 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді кешенді даярлаудың тәсілдері» жобасы бойынша қорытынды конференция өтті. Қорытынды конференция жұмысына аталған жобаға қатысушы серіктес жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары қатысты https://drive.google.com/file/d/1Zhzwuxa-4tejk9gS7yTLwyAUNxik4yrY/view. Конференция жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – Қаржы және инфрақұрылым жөніндегі проректор Айдарғалиева Назгүл Ғазизоллақызы ашып, конференцияға қатысушыларының жұмыстарына сәттілік тіледі. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Искакова Айгүл Толеутайқызы университетте STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді даярлау жағдайына тоқталып, конференция жұмысының сәтті өтуіне тілек білдірді. Қорытынды конференцияда Жобаның Бас координаторы, Швецияның Linköping университетінің профессоры Janerik Lundquist «STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді кешенді даярлаудың тәсілдері» жобасының жүзеге асырылуы туралы және «Жоғары білім берудегі әлеуетті арттыру» Еурокомиссияның жобасы туралы ақпаратқа тоқталып өтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жумадиллаева Айнур Канадиловна қорытынды конференцияға келген шет елдік қонақтармен және республиканың басқа ЖОО келген қонақтармен таныстырып өтті. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы, Білімді цифрлық трансформациялау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Мұқашева Манаргүл Өмірзаққызы Қазақстан Республикасында STEM білім беру туралы мәселелерге тоқталып өтті. Түркияның Хаджетепе университеті, Білім беру факультеті, Ғылыми білім беру кафедрасының профессоры Gultekin Cakmakci «STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді кешенді даярлаудың тәсілдері» жобасының сапа жоспарын жүзеге асырумен таныстырды. Хельсинский университеті, Ғылым факультеті, Химия кафедрасы, Жобанының жоспарлаушысы Oona Kiviluoto Хельсинский университетінде «STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді кешенді даярлаудың тәсілдері» жобасын жүзеге асырылуымен таныстырды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Информатика кафедрасының профессоры, жоба координаторы Серік Меруерт, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, IT және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің деканы, PhD, Адиканова Салтанат, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Физика кафедрасының профессоры, жоба координаторы Омашова Гаухар Шапаевна «STEM бағыттары бойынша мұғалімдерді кешенді даярлаудың тәсілдері» жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндамалар жасады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Нурғалиева Сымбат Алтыбаевна, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Информатика» кафедрасының оқытушысы Ермахан Нурдаулет, «Физика және информатиканы STEM негізінде оқыту» білім бағдарламасының магистранттары Менлибай Жанбота, Агибаева Қарлығаш, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «7М01513-STEM Білім беру» білім бағдарламасының магистранты Имашова Инабат Кайырбеккызы STEM білім беру әдістері бойынша презентацияларын көрсетті. Қорытынды конференция аяқталғаннан кейін, күннің екінші жартысында кезекті координациялық жиналыс өтті. Координациялық жиналыста Janerik Lundquist мырза қорытынды жасады, алда тұрған келесі іс-шараларға тоқталып өтті. 2022 жылдың 25-27 қарашасы аралығында Невшехир қаласында (Түркия) еуропалық Эразмус+ бағдарламасы аясындағы STEM мұғалімдерін оқытуға интеграцияланған әдіс (STEM) жобасы аясында «STEM жобасы бойынша оқыту және STEM & Makers Fest/Expo STEM» атты іс-шара өтті. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінен, 2 жоба таныстырылды, сүйемелдеушілер информатика кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Серік М., және информатика кафедрасының докторанты Балғожина Г.Б. Бірінші жобаны 7М01525 «STEM білім беру» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Ниязханов Мадияр ұсынды. Жоба тақырыбы: «Ақылды фотобиореактор». Ғылыми кеңесшілер информатика кафедрасының профессоры, п.ғ.д. Серік Меруерт, информатика кафедрасының докторанты Нұрғалиева Сымбат. Екінші жобаны 7М01525 «STEM education» білім беру бағдарламасының магистранты Әбдірей Лаура ұсынды. Жоба тақырыбы: «Орман өрт сөндіруші робот». Ғылыми кеңесшілер информатика кафедрасының доценті, PhD докторы Карелхан Нұрсәуле, информатика кафедрасының докторанты Нұрғалиева Сымбат. Жоба тақырыбы: «Орман өрт сөндіруші робот». Ғылыми кеңесшілер информатика кафедрасының доценті, PhD докторы Карелхан Нұрсәуле, информатика кафедрасының докторанты Нұрғалиева Сымбат. Осы іс-шараның нәтижесінде Ниязханов Мадиярдың ғылыми жобасы 1-дәрежелі Дипломмен, Әбдірей Лаура 2-дәрежелі Дипломмен марапатталды. «STEM жобасы бойынша оқыту және STEM & Makers Fest/Expo STEM & Makers Fest/Expo» іс-шарасының барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Магистранттарды, ғылыми кеңесшілерді сәтті қорғап, таныстыруларымен құттықтаймыз, сәттілік тілейміз. 2022 жылдың 8 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. 2022 жылдың 8 қарашасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде Астана қаласы мектептерінің бітіруші сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Іс-шараны құттықтау сөзбен Ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Ш.Ж. Сейілов мырза ашып берді. Мектеп бітіріп жатқан 11-сынып оқушыларын «Болашақ мамандықты қалай таңдау» деген ой мазалайды. Бұл, әрине, ең маңызды сәттердің бірі, өйткені бұл таңдау адамның өмірінің болашағына әсер етеді. Дұрыс жолды тапсаң, болашақ өмірдің іргетасына қаланған кірпіш сияқты. Студенттерді білім беру бағдарламаларымен, студент жастардың ғылыми және қоғамдық-мәдени қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру үшін «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Тусупов Д.А., «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Дүйсекеев Қ.А., «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Зулпыхар Ж.Е., «Жасанды интеллект технологиялары» кафедрасының меңгерушісі Разахова Б.Ш., «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының меңгерушісі Өскенбаева Г.А., «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының оқытушысы Қанжекеев А.С. баяндама жасады. Сондай-ақ, Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ-нің кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығының бас маманы Егеубаева Л.Б., оқушыларды талапкерлерге арналған ақпараттық нұсқаулықпен таныстырды, университетімізде оқуға қандай мүмкіндіктер бар екенін айтып берді, бар мамандықтарға, түсу емтихандарының түрлеріне тоқталды. Іс-шараға факультет туралы негізгі мәліметтер, бакалавриат білім беру бағдарламалары туралы буклеттер дайындалды, «Робототехника және IT технологиялар бойынша шеберлік сабағы» көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде зертханалық стендтер мен құрал-жабдықтар, оқу процесінде қолданылатын жұмыс-техникалық жобалар, сондай-ақ оларға арналған бағдарламалық құралдар ұсынылды. Көрме-шеберлік сабағы іс-шарасын кафедралардың кәсіптік бағдар беру жұмысына жауаптылар: Нұржанова А.Б., Серікқазы А.С., Мұсабеков А.К., Қанжекеев А.С., Амангелді Н., Абылова А.М. ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан мектептер: №9, 6, 7, 14, 27, 30, 38, 25, 16, Дарын, РФМШ.
«Дін және қоғам» атты тәрбие сағаты Өткен уақыты: 3.11.22 Өткен орны: 407ауд. Қатысқандар: Инф.б-11 және Инф.б-13 тобы Мақсаты: 1)Діннің тарихын, мәнін және оның қоғамда алатын орнын анықтау; 2) Адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу; 3) Діни экстремизмнің алдын алу; 1-куратор: Армысыздар құрметті ұстаздар,қонақтар,студенттер! Бүгінгі ИнфБ-11 және 13 тобының ұйымдастыруымен «Дін және қоғам» тақырыбына арналған тәрбиелік шараға қош келдіңіздер! Жалпы, дін тақырыбы адамдарға әлі де болсын сенім мен күдік ұялататын,қызықтыратын әрі кейбір кездері түсініксіз болатын тақырыптардың бірі. Дін мен мемлекеттің түйісер жері-елдің тұтастығы және қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығы. Сондықтан екі тараптың өзара бірігіп әрекет ететін кеңістігін,оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап және жетілдіріп отырудың маңызы зор. 2-куратор: Елбасымыз айтқандай «Діннің тұтастығы-елдің тұтастығы,діни алауыздық- ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» дегендей, біз бүгін мұсылман діні, Аллаға құлшылық ететін жастар, имандылық, басқа да діни ағымдар туралы, сонымен қатар республикадағы діндер және діни бірлестіктер туралы ой қозғайтын боламыз. Ендеше қонақтарымызбен таныс болыңыздар
1-жүргізуші: Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған. Әңгіме, сөздерінің арасында жаманнан жирендіріп, жақсыға жақындатып отырады. 2-жүргізуші: Дін — аса нәзік. Сондықтан оған барынша байыппен қарап, салмақты да, салауатты, бір-бірінен алыстататын емес, керісінше жақындататын өзара түсіністік пен құрмет тұту сезімінде болуға үндейді. Барлық уақытта баршамыздан осыны талап етеді. Халық діни нанымдарына қарай да жіктеледі, бұл халықтың діни құрамы деп аталады. Оны анықтауда Жер шары халқының барлығы бірдей қамтылмайды, өйткені адамзаттың, шамамен 25-30 пайызының діни ұстанымы жоқ 1-жүргізуші: Жалпы дін туралы, оның ішінде ислам діні туралы түсінігіміз жеткілікті деп айта аламыз ба? Қазіргі таңда кеңінен таралған өзіміздің Ислам дінінен бастасақ, Ислам салыстырмалы түрде жаңа дін болса да, барлық дерлік дүние бөлігіне таралған:д.ж. 120 елінде мұсылман мешіттері мен қауымдастықтары бар. Енді осы дін жайлы біздің студенттеріміз не біледі екен, соны тыңдайық:
Өкінішке орай, қоғамдағы кейінгі кезеңде көрініс тапқан келеңсіз оқиғалар керісінше жауап беруге мәжбүрлейді. Кейбір зерттеушілердің пікірінше қазақтардың діншілдігі «үстірт,таяз» әсіресе жастар ислам дінінің негізгі қағидаларын білмейді. Шындығында, мешітке барып намазға жығылып немесе үйінде бес уақыт намаз оқып,ораза ұстайтындардың көпшілігі өзінің ислам дінімен байланысын ұлттық дәстүрдің құбылысы ретінде қарайтындығы шындық.Қазіргі кезде исламға «изм,террор және секта» деген жағымсыз сөздер жалғануда. Жалпы экстремизм дегеніміз не және секта дегеніміз не? Жауап береді студент:(Самар) Осы тұста дін туралы түсініктерінізді тексеру үшін бірнеше сұраққа жауап берейік: 1) Әлемде қандай православиелік шіркеулер бар? (Риза)) 2) Жалпы қандай дін түрлерін білесіздер? (Дамир) 3) Будда діннің негізін қалаушы? (Нұрлыбек) 4) Христиан дінің басты идеясы кандай? (Ақнар 5) Экстремистік бағыттағы адамдардың ислам дінін ұстанушылар екеніне сенесіз бе? (Аружан) 6) Әлеуметтік желідегі уағыз айтушыларды тындайсыз ба? (Сәдуақас) 7) Экстремизм және терроризм дегенді қалай түсінесіз? (Айдана) 8) Діннің ең алғашқы түрі және ол ненің нэтижесінде пайда болды?(Сандуғаш) 9) Ұлттық-халықтық діндердің қандай түрлерін білесіз?(Ақниет) 2-жүргізуші Жалпы, статистикаға сүйенсек елімізде соңғы жылдары жүргізілген халық санағы бойынша мұсылмандар- 11237,9 мың, христиандар- 4190,1мың, иудаисттер- 5,3мың, буддистер- 14,6мың,атеистер-5 мыңды құраған. Олай болса еліміздегі діндер туралы мағлұматқа назар аударайық. Сонымен қатар,Дін және қоғам туралы қойылар сауал көп,оған сәйкес алар жауабымыз да жетерлік. Ауқымы күрделі тақырыптардың бірі «дін және қоғам» тақырыбына байланысты біз қалың көпшіліктің дін туралы ойларын білген болатынбыз. Ендеше, экранға назар аударайық. (Сауалнама видео) 4 түрлі адамнан сұралады. 1-жүргізуші Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым - қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып табылады.Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде. Соңғы кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.Ендігі кезекте осы тақырыпты тереңірек ашу мақсатында “Казакстаннын демократиялық ел болғаны қаншалықты дұрыс” тақырыбында дебат ойынына қатысу үшін 4 студентті шақырамыз. 2-жүргізуші Әлемдегі діндердің түп мақсұты, Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар, Құдай-бар, Ұждан-дұрыс, Қиямет-шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар. Дін адамды бір бауыр қылмақ еді, Оны бөліп,дұшпандық қару жасар. Інжіл,Құран бәрі айтып тұрса дағы Мағынасынан адасып қара басар. Сөйтіп бұзып,бүлдіріп есіл дінді, Дін десе білімділер тұра қашар. Ешбір дін өйтіп дұшпан бол демейді, Кәнекей бұл сөзіме кім таласар,- деп Шәкәрім атамыз жырлағандай келешек тірегі ибалы адам,иманды қоғам болу үшін дінімізге берік болайық бауырлар. «Ұлттың өзін-өзі сақтайтын факторлар бар. Олар тілі, діні, тарихы, атамекені ,дәстүрі». Кез-келген халықты құрту үшін оның дінін құртса,ол халықтың тұтастығы да, іргесі де сөгіледі. Діні мықты халықтың санасы да сергек, іргесі де тұтас болмақ. Бүгінгі ИнфБ-11 және 13 топтарынын ұйымдастыруымен өткен тәрбиелік шарамыз өз мәресіне жетті. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.
Шетелдік профессор: Лили Нұрлияна Абдулла (Lili Nurliyana Abdullah) Дәріс тақырыбы: «Информатикадағы білім берудегі Stem» Өткізу күні мен уақыты: 12.11.2022-08.12.2022, с 14.10-17.00, ауд. 308 2022 жылғы 12 қарашадан 08 желтоқсанға дейін Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінде PhD, профессор Лили нұрлиян Абдулланың (Lili Nurliyana Abdullah) қатысуымен "информатикадағы білім берудегі Stem" пәні бойынша оқу курсы шақырылған мемлекеттік грант шеңберінде өткізіледі. Лили Нурлияна Абдулла студенттерге академиялық мақсаттарына жету үшін тәлімгерлік ететін, күрделі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық ортада информатиканы бақылайтын, кәсіби және қоғамдық үлес қосатын, технологияны қолдана отырып оқыту мен оқудағы шеберлігі үшін танылатын, ұлттық және халықаралық агенттіктер мен қауымдастық арасындағы көптеген серіктестіктерді басқаратын және олармен ынтымақтасатын тәжірибелі және жоғары білікті академик және тиімді басқару ресурстар. Оның көптеген басылымдары бар, олардың кейбіреулері: 1. Lili N.A. and Noris, N. A USER REQUIREMENTS STUDY FOR DEVELOPING MOBILE-BASED AUGMENTED REALITY INDOOR MAP LOCATOR APPLICATION Citation-Indexed - Scopus, IAEME Publication, [1361-1373], 2020 2. Mustaffa, M.R., Hussin, M., Khalid, Fatimah, and Lili N.A., - Grain Recognition based on Colour and Shape Analysis Citation-Indexed - Scopus, SERSC, [1512-1522], 2020 3. Lili N.A., Abdullah, M. T., and Abdul Halin, Alfian, Image Forgery Detection Techniques for Digital Forensic Analysis: The Need for More Robust Methods Citation-Indexed - Scopus, IAEME Publication, [1431-1439], 2020 4. Lai Lai Win, Faieza Abdul Aziz, Abdul Aziz Hairuddin, Lili N.A., Yap Hwa Jen, Hideo Saito, Norhisham Seyajah, Immersive Virtual Reality Application Development Using HTC Vive and High-end Laptop Citation-Indexed Journal - ERA, American Scientific Publishers, [1-5], 2020
Шетелдік профессор: Фатима Сиди (Dr. Fatimah Sidi) Дәріс тақырыбы: «Үлкен деректерді басқару» Өткізу күні мен уақыты: 12.11.2022-08.12.2022, с 14.10-17.00, ауд. 308 2022 жылғы 12 қарашадан 08 желтоқсанға дейін Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық технологиялар факультетінде PhD, профессор Фатим Сидидің (Dr.) қатысуымен "үлкен деректерді басқару" пәні бойынша оқу курсы өткізіледі. Fatimah Sidi) шақырылған мемлекеттік грант аясында. Фатима Сиди, PhD, инфокоммуникацияны дамыту орталығының (iDEC) директоры және информатика және ақпараттық технологиялар факультетінің (CSiT) информатика кафедрасының доценті. Ол Малайзияның Путра университетінің (Upm) ақпараттық басқару жүйелері бойынша докторлық дәрежеге ие. Оның докторлық диссертациясының тақырыбы малайлық құрылымдалмаған құжаттардағы алған білімдерін сұраулы құрылымдық формаға айналдыру болды. Ол сонымен қатар ғылым бакалавры дәрежесіне ие. (Информатика) және M.Sc. (Информатика) сол университеттен. Қазіргі уақытта оның ғылыми қызығушылықтарына үлкен деректерді талдау, мәліметтер сапасы, білім мен ақпаратты басқару жүйелері, инженер кіреді Оның көптеген басылымдары бар, олардың кейбіреулері: 1. Mustafa Alabadla, Fatimah Sidi, Iskandar Ishak, Hamidah Ibrahim, Lilly Suriani Affendey, Zafienas Che Ani, Marzanah A. Jabar, Umar Ali Bukar, Navin Kumar Devaraj, Ahmad Sobri Muda, Anas Tharek, Noritah Omar, M. Izham Mohd Jaya. 2022. Systematic Review of Using Machine Learning in Imputing Missing Values. In IEEE Access, 10: 44483-44502. ISSN: 2169-3536. DOI: 10.1109/ACCESS.2022.3160841 [Science Citation Index (JCR), Impact Factor: 3.367, Q2] 2. Umar Ali Bukar, Fatimah Sidi, Marzanah A. Jabar, Rozi Nor Haizan Nor, Salfarina Abdullah, Iskandar Ishak, Mustafa Alabadla, Ali Alkhalifah. 2022. How Advanced Technological Approaches Are Reshaping Sustainable Social Media Crisis Management and Communication: A Systematic Review. In Sustainability, 14 (10): 1- 26. ISSN: 2071-1050. https://doi.org/10.3390/su14105854 [Science Citation Index (JCR), Impact Factor: 3.251, Q2] 3. Umar Ali Bukar, Fatimah Sidi, Marzanah A. Jabar, Rozi Nor Haizan Nor, Salfarina Abdullah, Iskandar Ishak. 2022. A Multi-Stage Analysis of Predicting Public Resilience of Impactful Social Media Crisis Communication in Flooding Emergencies. In IEEE Access, 10: 57266-57282. ISSN: 2169-3536. doi: 10.1109/ACCESS.2022.3176963 [Science Citation Index (JCR), Impact Factor: 3.367, Q2] 4. Umar Ali Bukar, Marzanah A. Jabar, Fatimah Sidi, Rozi Nor Haizan Nor, Salfarina Abdullah, Iskandar Ishak. 2022. How social media crisis response and social interaction is helping people recover from Covid‐19: an empirical investigation. In Journal of Computational Social Science, 5: 781-809. ISSN: 2432-2717. https://doi.org/10.1007/s42001-021-00151-7 [Web of Science: Emerging Sources Citation Index]
Шетелдік профессор: Н.С. Шрикант (доктор Н.С. Срикант) Дәріс тақырыбы:«Жасанды интеллект және машиналық оқыту» Күні мен уақыты: 04.11.2022-08.11.2022, онлайн, оқытушылардың академиялық ұтқырлығымен 2022 жылғы 04-08 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ақпараттық технологиялар факультетінің информатика кафедрасында шақыру бойынша академиялық ұтқырлық аясында «Жасанды интеллект және машиналық оқыту» пәні бойынша п.ғ.д., профессор Н.С. Шрикант. Профессор Н.С. Шрикант жасанды интеллект, адам мен машинаны оқыту, заттардың интернеті және робототехника саласындағы зерттеулермен айналысады. Ол Үндістан үкіметі қаржыландыратын көптеген жобалардың жетекшісі, оның бірнеше басылымдарының бірі: 1) N.S Sreekanth, Nobby Varghese, N. SaratChandra Babu “Virtual Chemistry Lab to Virtual Reality Chemistry Lab”, Resonance, Journal of Science Education, Springer Nature, Volume 27, Issue 8, pp 1371-1385, ISSN: 0971-8044 2) Amitha I.C, N.S Sreekanth, N.K Narayanan, “Collaborative Multi-Resolution MSER and Faster RCNN (MRMSER-FRCNN) Model for Improved Object Retrieval of Poor Resolution Images” International Journal of Advanced Computer Science and Applications, Vol. 12, No. 12, 2021, pp. 547-554. ISSN 2156-5570 3) N.S Sreekanth, N. K Narayanan “Multimodal Human Computer Interaction with Context Dependent Input Modality Suggestion and Dynamic Input Ambiguity Resolution” - International Journal of Engineering Trends and Technology Volume 69 Issue 5, 152-165, May 2021, ISSN: 2231 – 5381 4) Ebin Antony, N S Sreekanth , R K Sunil Kumar , Nishanth T “Data Preprocessing Techniques for Handling Time Series data for Environmental Science Studies” International Journal of Engineering Trends and Technology Volume 69 Issue 5, 196-207, May 2021, ISSN: 2231 – 5381 Мамандық таңдау әрқашан жауапкершілік пен ыждағатты талап ететіні белгілі. 2021-2022 оқу жылында «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Білім-инновация» лицей-интернаты» мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Информатика кафедрасының арасында өзара ынтымақтастық пен серіктестік туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандум білім беру саласындағы болашақ мамандарды даярлауға өз тарапынан қолдау көрсетуді, практикалық іс-тәжірибе өткізу алаңын даярлауды және мамандарға теорияны практикамен ұштастыру үшін орта дайындауды мақсат етті.
«ǴYLYM JÁNE BІLІM- 2022» атты ХVІI халықаралық ғылыми конференциясы 12 сәуір күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультеті, Информатика кафедрасында ғылым күніне орай ұйымдастырылған студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BІLІM- 2022» атты ХVІI халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференция «Білім берудегі сандық трансформация» секциясы бойынша болды. «ǴYLYM JÁNE BІLІM- 2022» атты ХVІI халықаралық ғылыми конференциясына әртүрлі өңірлерден 26 жас ғалым қатысып, өздерінің тақырыптары бойынша баяндама жасады. Комиссия төрағасы п.ғ.к., кафедра меңгерушісі.Зулпыхар Ж.Е және комиссия мүшелері п.ғ.д,профессор Мубараков А.М., п.ғ.д,профессорСерік М., және п.ғ.к., доцент Шындалиев Н.Т. баяндамаларды тыңдап, жоғары деңгейде баяндалған жұмыстарға жүлделі орындарды бекітті. 1 орын: ЕҰУ 2 курс магистранты Сәлімжан Е., ғылыми жетекшісі: Мубараков А.М., ЕҰУ 4 курс студенті Исақ Л., ғылыми жетекшісі: Жеткенбай Л. 2 орын:Қ.Жұбанов атындағы АӨУ магистранты Мобарк Б., ғылыми жетекшісі: Сарсимбаева С.М., Назарбаев зияткерлік мектебініңмұғалімі Жунусов Е., ЕҰУ магистранты Есболова А., ғылыми жетекшісі: Зулпыхар Ж.Е., С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім алушысы Габдулкалиев Н., ғылыми жетекшісі: Садыкова А.О. 3 орын: Қ. Жұбанов атындағы АӨУмагистранты Каймолдиев А., ғылыми жетекшісі: Сарсимбаева С.М., ЕҰУ магистранты Мұхамеджан Г., ғылыми жетекшісі:Жалғасбекова Ж.К., ЕҰУ докторанты Сейталиева А., ғылыми жетекшісі:Шындалиев Н.Т., ЕҰУ магистранты Оразбай Н., ғылыми жетекшісі:Шындалиев Н.Т. 6В01511 - "Информатика" білім беру бағдарламасы "Атамекен" ҰКП рейтингінде 1-орында"Атамекен" ҚР ҰКП БҒМ-мен бірлесіп төртінші жыл қатарынан Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді. Рейтинг 19 критерий бойынша өткізілді, олардың ішіне: түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі, түлектердің орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларын аккредитациялау, оқытушылар құрамының сапасы және білім беру бағдарламаларының өзектілігі кіреді.Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-і, Ақпараттық технологиялар факультеті, "Информатика" кафедрасының 6В01511 - "Информатика" білім беру бағдарламасы Қазақстан университеттерінің білім беру бағдарламалары рейтингінде I орын алды, бұл кафедра ұжымы еңбегінің лайықты нәтижесі болып табылады және болашақ информатика мұғалімдерін даярлау ісінде профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігін, жоғары жауапкершілігін айғақтайды. Қазіргі уақытта кафедрада 3 ғылым докторы, 14 ғылым кандидаты және 2 PhD жұмыс істейді.Білім беру бағдарламасын әзірлеуге және талқылауға жыл сайын білім және ғылым саласының қызметкерлері тартылады. Талқылау нәтижесінде оқытылатын пәндердің 30%-ы жыл сайын өзектендіріліп, заманауи пәндермен жаңартылып отырылады. сайтқа сілтеме10-11сынып оқушыларына арналған Информатика пәні бойынша олимпиада2021 жылдың 5 сәуірде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Информатика кафедрасының ұйымдастырылуымен10-11 сынып оқушыларына арналған Информатика пәні бойынша олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің әр облысының мектептерінен жалпы саны 215 оқушы тіркеліп, CISCO NETACAD платформасында өткізілді. Комиссия мүшелері кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Меруерт, педагогика ғылымдарының кандидаттары, доцент Шындалиев Нұржан Тәжібайұлы, Абильдинова Гүлмира Маратқызы және ұйымдастырушы оқытушылар Касенова Мерейлім Нурлановна, Ахаева Жанар Берикбаевна, Серікқазы Әділет, Ахитова Риза Суиндиковна оқушыларға сәттіліктер тілеп, олимпиаданың ережелерімен таныстырды. Олимпиаданың нәтижесі бойынша жоғары нәтиже көрсеткендер: №1Қоянды орта мектебінің оқушысы Ахылбек Ләйла, Абай атындағы №5 жалпы орта мектебінің оқушысы Шыныбекова Аяулым Нұрлыбекқызы, Қабанбай батыр ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сарсенова Ақкүміс Күсембайқызы. Жеңімпаздар мен қатысқан оқушыларға дипломдар, сертификаттар, ал олардың ұстаздарына алғыс хаттар жіберілді.
Информатика пәні бойынша олимпиада нәтижелері19.09.2020 Ақпараттық технологиялар факультеті, Информатика кафедрасында М001 - Педагогика және психология, М012 - Информатика педагогтерін даярлау мамандығының 1 курс магистранттарымен онлайн кездесу өтті Кездесу MS Teams платформасында онлайн режимде ұйымдастырылды. Кездесу барысында Информатика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Серік М. білім алушыларды онлайн оқу үдерісінің ерекшеліктерімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен таныстырды. Магистратура эдвайзері PhD, кафедра доценті м.а. Садвакасова А.К. магистерлік диссертация тақырыптарын бекіту, жеке оқу жоспарын құруға қойылатын талаптар туралы түсіндірме жасады. Сонымен қатар кафедраның пән бойынша дәріс беретін ПОҚ білім алушыларға онлайн оқу жағдайында дәріс, практикалық жұмыстарға қатысу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар беріп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Осы оқу жылында кафедра бакалавриат, магистратура және докторантураның келесі мамандықтары бойынша қабылдауды және оқуды жүзеге асырады: Бакалавриат - (грант, келісімшарт); оқу мерзімі 4 жыл, оқыту тілі: қазақ, орыс. Магистратура - Оқу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілі (оқу мерзімі 2 жыл, бейіндік 1,5 жыл) Докторантура - Оқу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілі (оқу мерзімі 3 жыл) 1. «6В01511-Информатика» (қазақ) 2. «7M01511- Информатика» (қазақ,орыс,ағылшын тілі) 3. «7M01124 - Педагогикалық өлшеулер» (қазақ) 4. «7M01514 - Smart-City) (қазақ ,орыс,ағылшын тілі) 5. «7M0l525- STEM-оқыту» (қазақ ,орыс ,ағылшын тілі) 6. «8D01511- Информатика» (қазақ) БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Құрметті ұстаздар! Қадірлі студенттер және ата-аналар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім күні Информатика кафедрасының 1 курс студенттерімен онлайн жиын өтілді. Студенттер онлайн жиналысқа қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары арқылы қатысты. Жиналыста студенттерді Білім күнімен құттықтап,сабақ кестесі түсіндірілді. Жиналыста 9 студент, аға оқытушысы Серікқазы Ә., 1 курс кураторы Абдикаримова С.К., қатысты. Бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күні барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әр адамның жүрегіне ерекше әсер қалдыратын бұл күн жастардың басын біріктірері де сөзсіз. Университетке жаңа қадам басқан бірінші курс студенттеріне: «Дүниедегі ең құнды ресурс – уақытты ұтымды пайдаланыңдар, алған білімдеріңді табыс пен қоғамдағы жоғары мәртебеге айналдыра біліңдер, Алла зейіндеріңді ашсын!» - демекпіз. Құрметті студенттер, тәуелсіз мемлекетіміз көркейіп, өркендей берсін! Ел ертеңі жастарымыз білімді де, талапты, іскер болсын! Осынау мерейлі мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! «STEM БІЛІМБЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ ОНЛАЙН МЕКТЕБІ «6М011100- ИНФОРМАТИКА» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЕМТИХАН ӨТКІЗУ ЕСЕБІ STEM ОҚЫТУДА ОҚЫТУШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ КЕШЕНДІ ТӘСІЛІ «STEM оқыту және практикалық оқыту әдістері» оқу-әдістемелік семинары туралы есеп Инф.б-31 тобында «Діни экстримизм және терроризм» тақырыбындағы өткізілген куратор сағатының есебі «STEM-бағытының мұғалімдерін даярлауға интеграцияланған тәсіл» STEM-фестивалі 2021 жылдың 15 қазанында Эразмус күндеріне есеп 2021 жылдың 24 ақпанында «STEM – білім беру» конференциясы «STEM оқыту және практикалық оқыту әдістері» оқу-әдістемелік семинары туралы есеп
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар факультеті Информатика кафедрасы Ақпараттық технологиялар факультеті, информатика кафедрасында 29.05.20 күні аға оқытуша Гайнулина И.И. және оқытушы Серікқазы Ә.С. «Cisco бағдарламасын білім беру саласында қолдану» тақырыбында ғылыми семинарын өткізді. Семинар барысында Cisco Webex платформасының барлық мүмкіндіктері қолданылды. Семинардың мақсаты: оқытушылар арасында тәжірибе алмасу. Семинарда Cisco Packet Tracer симуляторында желілерді құру жолдары көрсетілді. Профессор-оқытушылар арасында бірнеше сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Алдағы уақытта Cisco Packet Tracer симулятор қолдану арқылы зертханалық жұмыстарды жасап, келесі оқу жылында қажетті пәндерге қолдануға мақсат қойылды. АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛҒЫ ТҮЛЕКТЕРІН ЖҰМЫСҚА БӨЛУ Эразмус жобасы бойынша Конференция: «STEM оқытушыларын дайындаудың біріктірілген тәсілі» 29.04.2020 ж. Эразмус жобасы бойынша Конференция: «STEM оқытушыларын дайындауға біріктірілген тәсіл» LINKOPING UNIVERSITET университетінде өтті. Күн тәртібінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Швеция, ҚР, РФ Финляндия және Түркия ЖОО жобасы бойынша серіктестер қатысты. Әр түрлі ОП және жоғары оқу орындарының ОП модульдерін сипаттау ұсынылды. Болашақ студенттер контингенті, олардың дайындығы, жазғы семестрді ұйымдастыру және т. б. мәселелер көтерілді. Cisco желілік академиясының курсы Ақпараттық технологиялар факультетінде 5 кафедра бойынша жасы 35-ке толмаған оқытушылар Cisco желілік академиясының курстарын меңгеріп, білімдерін шыңдады. Курстар атауы: IT Essentials: PC Hardware and Software, Introduction to IoT, Introduction to Cybersecurity. Бұл курстарда жалпы ақпараттық технологиялар негіздері, компьютер архитектурасы, желі және киберқауіпсіздік туралы тақырыптар қамтылған. Әр курстың тақырыптқа сай материалдары, видео-лекциялары бар. Тақырыпты меңгеріп болғасын әр курс бойынша тест сұрақтарына жауап беруі тиіс. Информатика кафедрасынан Гайнуллина И.И., Мухтарова А.Ж., Сериказы Ә.Ә және Абдикаримова С.К. оқытушы Cisco желілік академиясының курстарын меңгеріп, біліктілікті арттыру сертификатына ие болды. Cisco желілік академиясының 3 этапы бойынша 1 курс студенттерін оқыту жүргізілді. IT Essentials: PC Hardware and Software, Introduction to IoT, Introduction to Cybersecurity курстар бойынша 3900 студент тіркелді. Олардың ішінде 90% тіркелген курстары бойынша оқып, сертификат алды. Диплом алдындағы қорғауға дайындық Ақпараттық технологиялар факультеті, Информатика кафедрасы 9-10 сәуір күндері бітіруші түлектермен онлайн түрде диплом алды қорғауға дайындық өткізді. Диплом алды қорғауға дайындық Cisco Webex Meeting платформасының барлық мүмкіншіліктерін қолдана отырып, жүзеге асырылды. Студенттер дипломдық жұмыстарын және жобаларын еш кедергісіз толықтай таныстыра алды.Кафедра меңгерушісінің және жетекшілерінің тарапынан бірнеше ұсыныстар мен ескертулер жасалды. Алдағы уақытта болатын диплом алды қорғауға ескертулер жойылады деген ойдамыз. Cisco Webex – тренингтер өткізу Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қашықтан оқу форматына көшуіне байланысты Ақпараттық технологиялар факультеті Cisco Webex-ті оқу үрдісінде қолдана бастады. Соған байланысты «Информатика» кафедрасының профессор-оқытушы құрамасы Cisco Webex технологиясын толығымен жүзеге асырып жүр. Оқутышылар лекцияларын Cisco Webex Meetings, ал практика және өздік жұмыстарын Cisco Webex Training жүйесінде өткізіп жүр. Осы жүйені игеруде факультете тренинг жұмыстары ұйымдастырылды. Тренинг жұмыстарын кафедраның доценттері Карымсақова А.Е., Курбанбаева А.А. және оқытушы Мұхтарова А.Ж. алдын ала өтіп келіп, кафедра ұжымы алдында on-line тренинг-семинар жүргізді. Жұмысқа тұру жұмыстарын алдын ала ұйымдастыру туралы 8-сәуір 2020 жылы «Информатика» кафедрасында түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша университеттің Мансап және бизнес серіктестік бөлімінің координаторлары Туспекова Замзагуль Жораевна және СмагуловаГульнар Рахатовнаның қатысуымен онлайн кеңес болып өтті. Кеңеске «Информатика» кафедрасының меңгерушісі Серік М., кафедрада аталған жұмысқа жауапты Мухтарова А.Ж. қатысты. Кеңестің негізгі мақсаты 2020 жылы бакалавриат, магистратура, докторантура бітіруші түлектердің келісім-шарт негізінде 3 жыл педагогикалық мамандық бойынша жұмыс жасау шартын өтеу жұмыстарын, қандай құжаттар керек екенін, қандай процедуралар жүргізілетінін түсіндіру болды. Түлектерге қажетті құжаттарды уақытында тапсыру керектігі ескертілді. «Діни экстремизимге қарсы күрес» тақырыбында ашық сабақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ақпараттық технологиялар факультетінің, «Информатика» кафедрасының 6В01511 –Информатика мамандығының 1 курс студенттері 2020 жылы 14 қазан күні кураторлық жоспарға сәйкес топ кураторы Абдикаримова С.К., ұйымдастыруымен қашықтықтан Microsoft Teams платформаларында «Діни экстремизимге қарсы күрес» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа:кафедра бойынша аға куратор Серікқазы Ә., Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті қызметкері Дәрібай Мұратбектің қатысуымен өткізілді. Бағдарламаның мақсаты:Діни экстремизмнің зорлық-зомбылық көріністері мен терроризм қауіптерінен адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оның міндеттері:Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру. Келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу. Студенттер діни экстремизм мен бейтаныс діни ағымдарды жастар арасында тарату идеяларынан құқықтық ізденістермен ескертіліп, таныстырлыды. Іс–шараның жүргізілу барысында экстермизмге қарсы әрекеттердің негізгі аспекттері белгіленді:- жас азаматтардың патриоттық, саяси, рухани тәрбие алуны ықпал ету; - оқушылар мен студент жастрадың арасында экстремизмге қарсы іс-әрекеттермен таныс болуы; - заң бұзыушылықты алдын алу шараларын жасау, соның ішінде діни оқытулар мен мен студенттердің діни-экстермистік ұйымдардағы әрекеттері; - діни-экстремистік ұйымның Қазақстандағы қызметі; - мемлекеттік заңнамалық актілермен таныс болу: ҚР Конституциясы, «Экстермизмге қарсы іс - әркеттер туралы» Заңы, «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы, ҚР білім беру ұйымдарында тәрбие берудің жиынтық бағдарламасы, «Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар және қараусыздық пен қорғансыздық ескертулері туралы» бағдарламалары. Соңында студенттер @e-ruhaniyat инстаграм парақшасына тіркелді. Кураторлық сағатта кураторлар осы тақырып бойынша студенттерге барынша түсіндіруге тырысты. Студенттер өздерінің сұрақтарын қойып, тақырыпты толықтай меңгерді. Кураторлық сағатың есебі 1 «ҰСТАЗ-ҰЛЫ ТҰЛҒА» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС -ШАРА |





