
IDSAI-де Purdue University профессорының қатысуымен ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 1 қазанда Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институтының Компьютерлік және бағдарламалық инженерия кафедрасында Purdue University (АҚШ) профессоры Eric Matson-ның қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Профессор Eric Matson “Using AI to Detect and Remediate Illegal Drones” тақырыбында баяндама жасап, жасанды интеллект әдістерін ұшқышсыз ұшу аппараттарын анықтау және оларды рұқсатсыз пайдалануға қарсы әрекет ету міндеттерінде қолдану мәселелерін қарастырды. Баяндама барысында интеллектуалды мониторингтің заманауи тәсілдері, автономды жүйелер және қауіпсіздік міндеттерінде AI-технологияларын қолдану бағыттары талқыланды.
Семинар аясында 8D06104 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының докторанттары да ғылыми баяндамалар жасады.
Айымбай Сұңғат Жұмабекұлы “Intelligent System for Digital Monitoring of Road Infrastructure Objects Based on Video Analytics Data” тақырыбындағы зерттеуін таныстырып, видеоаналитика деректері негізінде жол инфрақұрылымы объектілерін интеллектуалды мониторингтеу мәселелеріне тоқталды.
Жусупов Есет Маратович “Quantum Computing as a Service: Inside Amazon Braket” тақырыбында баяндама жасап, бұлттық кванттық есептеулердің мүмкіндіктері мен Amazon Braket платформасының ерекшеліктерін қарастырды.
Баяндамалардан кейін ұсынылған ғылыми зерттеулер бойынша пікірталас өтті. Профессор Eric Matson қарастырылған бағыттардың өзектілігін атап өтіп, докторанттардың ғылыми жұмыстарын одан әрі дамытуға қатысты кәсіби пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Ғылыми семинар тәжірибе алмасуға, жасанды интеллект, видеоаналитика, ұшқышсыз жүйелер және кванттық технологиялар саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды талқылауға, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
