
“Foundation” бөлімінің тыңдаушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі

21 қараша 2025 жылы Ақпараттық технологиялар факультетінде “Foundation” бөлімінің тыңдаушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – болашақ студенттерді факультеттегі білім беру бағыттарымен таныстыру және мамандық таңдауына қолдау көрсету.
Кездесу барысында факультет өкілдері ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқу үдерісі, мүмкіндіктері мен болашағы жөнінде түсіндірді. Тыңдаушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Шара аясында қызықты ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, қатысушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған түрлі интерактивті тапсырмалар ұсынылды. Сонымен қатар еркін пікір алмасу өткізіліп, тыңдаушылар өз ойларымен бөлісті.
Кездесу жылы әрі еркін атмосферада өтіп, тыңдаушыларға мамандық таңдауда маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік берді.


