
Ашық есік күні

2025 жылғы 19 желтоқсанда Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультетінде (АТФ) қала мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Болашақ талапкерлерге факультеттің білім беру бағдарламалары, сондай-ақ оқу мүмкіндіктері мен келешегі жан-жақты таныстырылды. Қатысушыларға факультет туралы негізгі мәліметтер қамтылған ақпараттық буклеттер, сондай-ақ әрбір кафедра мен бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша презентациялар ұсынылды.
Іс-шара аясында оқу үдерісінде қолданылатын зертханалық стендтер мен кафедралардың білім беру және ғылыми қызметінде пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету таныстырылды.
Ашық есік күніне деканның орынбасарлары, кафедра меңгерушілері, сондай-ақ факультет пен кафедралар бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты тұлғалар қатысты. Кездесу кәсіби бағдар беру бөлімінің маманы Айжан Нуроллаевнаның құттықтау сөзімен басталды. Іс-шараны факультеттің кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты — Әділ Көкенұлы жалғастырды.
Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына толық әрі жан-жақты жауап алды. Ашық есік күні сәтті өтіп, болашақ талапкерлер үшін пайдалы ақпараттық алаңға айналды.


