
Бакалавриат және магистратура түлектеріне арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі»
ЕҰУ жаңалықтары
23.04.2025 158

2025 жылғы 23 сәуірде Ақпараттық технологиялар факультетінде бакалавриат және магистратура түлектеріне арналған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Іс-шараның мақсаты – жас мамандарды жұмысқа орналастыруға ықпал ету, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту және университет пен әлеуетті жұмыс берушілер арасындағы байланыстарды нығайту болды.
Жәрмеңкеге келесі ұйымдар мен компаниялар қатысты:
1. Geodetica ЖШС
2. Q.EDUCATION
3. Huawei ЖШС
4. ForteBank АҚ
5. Астана-Энергия АҚ (ЖЭО-3)
6. Ұлттық ақпараттық технологиялар АҚ
7. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
8. Астана қ. №38 мектеп-лицейі
9. Астана қ. №91 мектеп-лицейі
10. NTS DESIGN ЖШС
11. Ұлттық қауіпсіздік комитеті
12. Aiplus білім беру орталығы
13. Kazpost АҚ



Жәрмеңке түлектерге еңбек нарығындағы өзекті ұсыныстармен танысуға, жедел сұхбаттасудан өтуге және еліміздің жетекші ұйымдары мен компанияларының өкілдерімен байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік ұсынды.
Бөлісу:
