Ақпараттық қауіпсіздік бойынша «Cyber Defenders - 2024» бірінші ұлттық олимпиада
Дарынды студенттерді қолдау мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, АҚ «Мемлекеттік техникалық қызмет», ЦАРКА – «Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы», «Қазақ инфокоммуникация академиясы» бірлесіп ұйымдастырған Ақпараттық қауіпсіздік бойынша «Cyber Defenders - 2024» бірінші ұлттық олимпиадасының 2,3-турының ашылу салтанаты 13-мамырда басталды.
Олимпиаданы «Ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы Шахмаран Сеилов ашып, қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі. Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп Олимпиада жүргізіп отырған ұйымдардың басшылары мен өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Ашылу салтанатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі Бахыт Койчубаев сөз сөйлеп, цифрлық технологиялар дамыған қазіргі заманда ақпараттық қауіпсіздіктің маңыздылығын, осы мақсатта нарыққа төзімді білімді мамандар тәрбиелеу барлығымыздың борышымыз екендігін айтып өтті.
«Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі Әсем Конырханова Олимпиада шарттарымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі
!