«JAVA тілінде бағдарламалау» олимпиадасы
Ғылым онкүндігі аясында ақпараттық технологиялар факультетінің "Ақпараттық жүйелер" кафедрасында 2024 жылдың 6 сәуірінде "Ақпараттық жүйелер" мамандығының 2 курс студенттері арасында «JAVA тілінде бағдарламалау» кафедралық, топтық олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 2 курстың 6В06103-Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының келесі АЖ-21, АЖ-23, ИС-22, ИС-24 және көптілді топтарынан 23 студент қатысты.
Олимпиаданың қазылар алқасы орындалған олимпиадалық тапсырмаларды тексереді және бағалайды. Олимпиада қазылар алқасының құрамы келесі құрамда: төраға оқытушы-зерттеуші Г.Б. Әбдікерімова, комиссия мүшелері 8D06103-Ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары А. Адалбек, Р. Таберхан, А. Мұсабеков, Б. Әбдіғалым, хатшы PhD доктор А.М. Бакиева.
Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
I дәрежелі диплом "Отчаянные герои"командасына бұйырды
Команда құрамы:
Байташев Бекназар- капитан команды, Аскапов Арлан, Мусина Данель, Орынгалиев Дарын, Жазыбаева Арайлым
II дәрежелі диплом «Донер» командасына бұйырды
Команда құрамы:
Айткалиев Дильшат- капитан команды, Альпаев Расул, Гасанов Агит, Абишканов Алишер.
III дәрежелі диплом «MIS TEAM» командасына бұйырды
Команда құрамы:
Қалыбек Аружан - капитан команды, Искаков Ерасыл, Төлеубай Данияр, Жұмабек Ақбаян,
Танирбергенов Меирбек.
Жүлделі орын алған командалар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.
Барлық студенттерімізге табандылық, еңбекқорлық, жоғары нәтижелер, жаңа жетістіктер және барлық бастамаларымызға сәттілік тілейміз!