
3 қазанда ЕҰУ-де Қазақстан-Америка университеттері консорциумының форумы өтеді

ЕҰУ оқытушылары мен зерттеушілерін Қазақстан-Америка университеттік консорциумы форумы шеңберінде эксклюзивті B2B-кездесулерге қатысуға шақырамыз!
Жеке кездесулер: АҚШ-тың жетекші университеттерінің өкілдерімен жеке-жеке сөйлесудің бірегей мүмкіндігі.
Тәжірибе алмасу: зерттеулеріңізбен, жобаларыңызбен және бірлескен идеяларыңызбен бөлісіңіз.
Жаңа мүмкіндіктер: білім мен ғылымның соңғы тенденциялары, сондай-ақ алмасу және бірлескен зерттеу бағдарламалары туралы біліңіз.
Байланыстарды нығайту: американдық әріптестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың негізін қалаңыз.
Кездесуге Колорадо тау-кен мектебінің, Эмбри-Реддл авиациялық университетінің, Лихай университетінің, Денвер Метрополитен университетінің, Огайо университетінің, Пенсильвания мемлекеттік университетінің, Пурдю университетінің, Дэвистегі Калифорния университетінің, Коннектикут университетінің, Омахадағы Небраска университетінің, сонымен қатар халықаралық білім беру институтының (Institute of International Education) өкілдері қатысады..
Іс-шараның күні мен уақыты: 3 қазан 2024, 11:20-13.00.
Өткізілетін орны: Астана қ., Сәтпаев көшесі 2, ЕҰУ-нің бас ғимараты, USTAZ атриумы.

