
«Информатика және Автоматика» кафедрасының ғылыми семинары

Ақпараттық технологиялар факультеті «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығының 3-курс PhD докторанттары Қуаныш Сыздықбаев пен Арайлым Есенбаева 2024 жылдың 26 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында Бельско-Бяла университетінде др. хаб., инж. профессор Васыль Марценюк шетелдік кеңесшінің жетекшілігімен ғылыми тағылымдамадан өтті. Докторанттар диссертациялық жұмыстарының тақырыптары бойынша алдын ала келісілген жоспар бойынша жұмыс жасады.
Сондай-ақ, ғылыми тағылымдамадан өту барысында олар «Информатика және автоматика» кафедрасының мәжілісінде тыңдалды. Докторанттар өз зерттеулері туралы әңгімеледі:
- Қуаныш Сыздықбаев назар аудару механизмі бар тежелген RNN желісі арқылы құрылған хаотикалық реттілікке негізделген мәтінді шифрлау бойынша жұмысын ұсынды.
- Арайлым Есенбаева торлы құрылым негізіндегі RNN желісі арқылы құрылған хаотикалық тізбекті пайдаланып кескінді шифрлау бойынша зерттеулерін ұсынды.
Сондай-ақ докторанттар Л.Гумилев ЕҰУ, АТ факультеті және АҚ кафедрасы туралы ақпарат берді.
Тағылымдама аясында сонымен қатар Бельско-Бяла университетінің ғылым және сыртқы ынтымақтастық жөніндегі проректоры Др. Хаб., инж., ББУ проф. Кшиштоф Бжозовский мырзамен кездесу өткізілді, одан әрі жемісті ынтымақтастыққа өзара ниеттер білдірді.
