На кафедре Вычислительная техника прошел воспитательный час

 

Өткізілу уақыты: 21.09.2019, сағат 12.00-13.00

Аудитория: 216

Топтар: ЕТБҚ-21,23

Модератор: Оралбекова Ж.О.

 

Тәрбие сағатына ЕТБҚ-21,23 топтарының студенттері, Ақпараттық технологиялар факультетінің деканының академиялық мәселелер бойынша орынбасары Алма Болатовна Закирова, “Есептеу техникасы” кафедрасының аға оқытушысы Мақпал Ғалымбековна Жартыбаева, аға кураторы Шырын Сарыбаевна Тұтқышбаева, ЕТБҚ-21,23 топтарының кураторлары Гульмира Мұсаевна Баенова мен Жанар Орымбаевна Оралбекова, магистранттар Бахтияр Сағымбаев мен Наргиз Есімова қатысты. Тәрбие сағатына өз пікірі мен тәжірибиесін бөлісуге «Хабар 24» ұлттық арнасының тележүргузушісі Жамбыл Зейнолла арнайы шақырылды.

Тәрбие сағатында Жолдауда айтылып өткен негізгі бағдарламалар мен тапсырмалардың пайдасы және әр студенттің дамуына себеп болатындығы жайлы пікірлер ортаға салынды. Бахтияр Сағымбаев жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында қол жеткізген IT саласындағы жетістіктері жайлы бөлісті. Және Жолдаудың «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, шағын және микро бизнесті дамыту, жасанды интеллект, үлкен мәліметтер деген бөлімдерін қалай қолдануға болатындығы жайлы өз ойымен бөлісті.

Қазіргі таңда IT-гі жаңа инновациялық жобалардың дамуына орай университетімізде «Есептеу техникасы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құраммен Data Minig, үлкен мәліметтер, компьютерлік көруді оқытатын пәндерге шолу жасалды. Білімді IT-мамандарының мемлекеттік және жеке ірі компаниялардағы сұранысы үлкендігі жайлы әңгіме болды. 

Тәрбие сағаты студенттермен сұрақ-жауап форматында сұхбаттасу түрінде өтті. IT саласына алғаш қадам басып отырған,“Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру” мамандығының студенттерінің программалау тілдерінің ерекшеліктері, мемлекеттік “Astana Hub” секілді IT стартап қолдау мекемелерінде қалай жұмыс жасауға болатындығы секілді сұрақтарына жауап берілді.

«Хабар 24» ұлттық арнасының тележүргузушісі Жамбыл Зейнолла Президентіміздің 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп атағаны жайлы сөз қозғады. Студентке волонтер болудың пайдасы, қосымша ақша табу мен тәжірибие жинаудың көзі екендігі жайлы өз ойын айтты. Және мысал ретінде өзінің өмірлік тәжірибиесінен халықаралық «Экспо 2017» көрмесінде болған волонтерлік жұмысы кезінде шет ел азаматтарымен араласу арқылы ағылшын тілінде сөйлеуді шыңдай түскенін келтірді. Сондай-ақ сұрақ–жауап форматы қазіргі кездегі беріліп жатқан ақпараттың құндылығын, маңыздылығын арттыру жайлы, телевизиялық форматтан бөлек, интернет форматындағы бұқаралық ақпараттың дамуы туралы сөз қозғалды. ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып, «Хабар 24» телеарнасында іске енгізілген видеоператордың қызметін атқара алатын “OverDrive” роботтары туралы қызық мәлімет берілді. Видеооператор болып жұмыс істейтін адамдардың орнын алмастырған роботтармен жұмыс істеудің өзгешілігі, артықшылықтары мен кемшім тұстары айтылды.

Жастар мүмкіндіктерінің шексіздігі, мотивациялық рухани даму жайлы студенттерге ақыл кеңес берілді. 

«Есептеу техникасы» кафедрасының доценті м.а., PhD Оралбекова Жанар Орымбаевнаның жетекшілігімен өткен тәрбие сағатында студенттер жақсы әсер алып, пайдалы мәліметтерге ие болды.